ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Қазақстан бірлік пен тұрақтылық мекені» тақырыбында кездесу өтті

Әлеумет
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Шардара қаласында орналасқан «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ғимаратының мәжіліс залында «Қазақстан бірлік пен тұрақтылық мекені», «Қоғамдағы ішкі тұрақтылық, ауызбіршілік,этносаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселесінде діннің алатын орны» және «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі», - тақырыптарында кездесулер және «Қоғамдағы этносаяси ахуал және этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы», - тақырыбында фокус - топқа этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық - насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорының орынбасары М.Қасымов, белсенді жастар қатысты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: «Қоғамдағы этносаяси ахуал және этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» тақырыбында баяндама жасап сөз кезегін қонаққа бұрды.

Кездесуге облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ - нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық - насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, бір қатар жиынға қатысушы жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді. Басқосудың негізгі мақсаты - «Ішкі тұрақтылық және бірлікті сақтау мәселесінде діни конфессиялары», - жалпы татулық пен бірлігімізді сақтау үшін атқарылуы тиіс жұмыстар жасауға негізделген.

Сонымен қатар этнос өкілдері мен ауыл билері, белсенді жастарда басқосуға келіп, өз айларын ортаға салды. Жиын барысында отансүйгіштікті жастардың бойына сіңіруде өткен тарихын білуі жайында әңгіме өрбіді.

Фокус - топқа қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға этносаралық қатынастар саласының мониторингі және ақпараттық - насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің Х.Исақов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов мазмұнды талқылады.

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Д.Аманов: Бүгінгі ұрпақ ол - еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Интернет желісінде, әлеуметтік желілерде, жалпы діни ақпарат алуда сезімге бой бермей, ақпараттың көзінің дұрыстығына көз жеткізе білетін азаматтарды тәрбиелеу. Қазақ халқының менталитетін, мәдениеті мен дәстүрін білмегендіктері олардың тез радикалдануларына әсер етеді. Зайырлылық, экстремизм мен терроризм ұғымдары, олардың негізгі сипаттамалары, интернет арқылы және күмәнді шетелдік теологиялық оқу орындарында діни білім алудың қауіптілігі, әлеуметтік желілердегі деструктивті сипаттағы топтарға тіркелмеу, сондай - ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тыйым салынған экстремистік, террористік ұйымдар туралы ақпарат берді. «Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті», - деп Ата Заңда көрсетілген осы бір мағыналы ұғымды өскелең ұрпақ жастайынан бойына сіңіріп өсуі керек. Әскери қызмет - әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы борышы екені баршамызға белгілі. Соңғы жылдары әскер қатарына шақырылатын және азаматтық борыштарын өтейтін жастардың қатары сиреп барады. Қасиетті елін - жерін қорғайтын азаматтар саны ауданымызда көбейіп, сарбаздар қатары толыға түседі деп жастарға сенеміз деп сөзін қорытындылады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров фокус - топты қорытындылап, ішкі тұрақтылық және бірлікті сақтау мәселесінде діни конфессиялары жалпы татулық пен бірлігімізді сақтау үшін атқарылуы тиіс жұмыстарды бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.

#ҮздікАТТ

#ҮздікАТТ2025

#Үздіктеолог
Made on
Tilda