Көктемде басталған елді мекендерді, көшелерді көгалдандыру мен көріктендіру, тазалау шаралары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап-сырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы-мен жалғасын тауып, жүзеге асырылып келеді. Бұл шарадан еңбегімен елдің құрметіне бөленген арда-герлеріміз де қалыс қалған жоқ.
Айталық, қаладағы Мелдеби шағын ауданының биі Ибрагим Бектұрсынов көшелердің байқауын ұйымдастырып, олардың арасында тазалық жұмыс-тарына барынша атсалысқан ардагерлерді қала әкімшілігіне, аудандық ардагерлер кеңесіне мара-паттауға ұсынып отырады.
Өткен аптада осындай ардагерлердің бір тобы – А.Байтұрсынов көшесінің төрағасы Базарбай Ақбердиев, А.Иманов көшесінің төрағасы Рахымжан Башаров және Наурыз көшесінің тө-рағасы Ықтияр Спанов көше тазалығын сақтаудағы үгіт-насихат жұмыстары үшін қала әкімі Олжас Айдостың Алғыс хатымен марапатталды.
Марапаттарды қала әкімі аппаратының сала бас-шысы Ержан Нұрахов пен Бүркіт Биманов табыс-тап, ауыл биі Ибрагим Бектұрсынов өз атынан сый-сияпат тапсырды.
Осындай ісі мен сөзі елге үлгі боларлық ардагерлеріміздің қатары арта берсін!
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ