Кенжекеңнің келелі істері
Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін Киров ауданындағы «ХХ партсъезд» кеңшарында аға есепші, 1982–2017 жылдары сол кеңшарда ауданға теңестірілген комсомол ұйымының хатшысы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Мақталы кеңшарының бастауыш партия ұжымының хатшысы, сол кеңшардың директоры, Киров ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Жетісай, Шардара, Мақтаарал аудандарының әкімі, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасының басшысы, Шымкент аграрлық колледжінің директоры қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шықты.
Экономика ғылымдарының кандидаты. Түркістан облыстық, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі төрағаларының орынбасары болды. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарып келеді. Мемлекет қайраткері ретінде елге танылып, елеулі еңбектері үшін мемлекеттік «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және көптеген мерекелік медальдармен, ҚР Президенттерінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар Түркістан облысының, Шымкент қаласының, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының «Құрметті азаматы» атанған.
Қызмет бабымен Кенжекең Шардара ауданына 1998 жылы әкім болып келгенде, менің аудандық тұтынушылар қоғамын басқарып жүрген кезім еді. Сол сәтте қызмет барысында араласып, Кенжекеңді жақынырақ тани бастадым. Ол кезде Кеңес Одағы тарап, экономикалық байланыстар үзіліп, шаруалар не істерін білмей дал болған заман еді. Арзымайтын пай үлестері бөлініп берілгенімен, жерлеріне егін егуге қаржы табу қиын, техника тапшылығы да өзекті мәселе-тін. Күріш дақылына сұраныс азайып, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер жетіспей, бар болса да «бартер» арқылы төмен бағаға айырбасталып жатты. Салықтар мен зейнетақылар малмен, күрішпен, жем-шөппен төленіп, кейде бірнеше айлап кешігіп, еңбекақы мен зейнетақы уақытылы берілмейтін күрделі кезең болатын.
Кеңшарлар, құрылыс ұйымдары, өнеркәсіп орындары, мұнай, астық сияқты мекемелер өз жұмыстарын уақытша тоқтатып, мәдениет үйлері мен кітапханалар жабылды. «Оңтайландыру» саясаты жүріп, екі мектепке бір директор сайланған, мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік сала мамандары, кеңшар қызметкерлері күнкөрістің қамымен ала сөмке көтеріп базар аралап кеткен шақ еді.
Осындай қиын-қыстау кезеңде Кенжехан Атақұлұлы аудан экономикасын терең зерттеп, талдап, осал тұстарын тапты да, тығырықтан шығудың жолдарын іздестірді. Уақытпен санаспай, аудан активімен, шаруашылық басшыларымен, мамандарымен, ардагерлермен, мәслихат депутаттарымен, халықпен жиі ақылдасып, олардың ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Бір шешімге келіп, жұмыла әрекет етуге ұйытқы болды. Мақтаарал, Жетісай, Киров аудандарындағы мақта зауыттарымен Шардара ауданындағы шаруаларды фьючерлік келісімшарттарға отырғызып, күріштің орнына мақта егуге бағыттады. Соның нәтижесінде Шардара ауданы облыста мақта өндіретін іргелі ауданға айналды. Осылайша шаруалар мақта өсіру технологиясын игеріп, облыс бойынша әр гектардан алынатын өнімнің көлеміне байланысты үздіктер қатарына көтерілді.
Ол кезде Шардара ауданының бюджеті бар болғаны 640 миллион теңге еді.
Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жекешелендірудің бастапқы кезеңінде Үкімет басшылары тарапынан жіберілген қателіктер жөнінде мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханұлы «Өмір белестері» кітабының 234–235-беттерінде былай деп еске алады:
«Елдегі жекешелендірудің қызу қолға алынған кезі еді. Облыс әкімшілігі жоғарғы жақтың айтқан нұсқауларын бұлжытпай орындауды талап ететін. Бәрімізді колхоз-совхоздарды таратуға мәжбүрледі, олай істемегендердің қызметтен кететінін айтты. Нәтижесінде біздің облыста шаруашылықтар түгел жекешеленіп, ұсақ шаруа қожалықтарына айналды. Мысалы, бүгінде республика бойынша 200 мыңдай ауылшаруашылық құрылымы болса, оның шамамен 70 мыңдай ұсақ шаруашылықтары біздің облыста. Әрбір шаруа өзінің үлесімен, үш, бес, жеті гектар жермен бөлініп шығып кете берген. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында біздің облыстың жағдайының төмен болу себептерінің бірі – осы ұсақ шаруа қожалықтарына күштеп бөлініп кетуімізден болды. Дегенмен ауыл шаруашылығының деңгейі кейбір бағыттар бойынша әлі 1991 жылдың деңгейіне жете алмай отыр. Өйткені шаруашылықтар бөлшектеніп, ұсақталып кетті. Ол жерге ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, ауыспалы егісті, жаңа технологияны ендіре алмайтын, техника ескі, жеткіліксіз. Ірілендірілген шаруашылықтарды сақтап қалған облыстар, әсіресе Солтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығы қарыштап дамуда».
Кенжехан Атақұлұлы 1999 жылдың тамызында іріленген Мақтаарал ауданына әкім болып кетті.
«Жақсы іске жақсы адамның жақсылығы тиеді» дегендей, бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов ағамыз өз естелік кітабында былай деп жазыпты:
«Облыстың жаңа әкімі қабылдауына шақырып, облыстағы үлкен аудан – Мақтааралға әкім болып баруды ұсынды. Мен болашақ жоспарымды көлденең тарттым. Мақтаарал ауданына әкім болып барудан бас тартып, кеше ғана Мақтаарал ауданында Сенат депутатына кандидат ретінде кездесіп, соңынан аудан әкімінің үйінен шай ішкенімді, оның үстіне көп уақыт әкім болып істеп, енді Сенат депутаты болғым келетінін айттым.
— Кеше ғана мені Сенат депутаты етіп сайлауда қолдаңдар, – деп өтініш жасап, бүгін сол әкімнің орнына барып отырғаным дұрыс болмас, – дедім.
Бұдан кейін облыс әкімімен екі арада мынадай әңгіме өрбіді:
— Мен Мақтааралдың әкімін бәрібір ауыстырамын, арыз көп екен ол жігіттің үстінен.
— Онда әкім болу – Төлебаев Кенжеханның кезегі.
— Неге?
— Үш аудан бірікпей тұрғанда Төлебаев – Мақтааралдың, Үмбетаев – Жетісайдың, ал Нұржанов – Киров ауданының әкімі болып істеген. Аудан біріккеннен кейін ауданға Омарбек Нұржанов әкім болды, Үмбетаев қазір әкім болып істеп жатыр. Нұржанов әкім кезінде Төлебаев – оның орынбасары, Үмбетаев – су шаруашылығының бастығы болған. Қалық Абдуллаевтың кезінде Үмбетаев пен Нұржановты орын ауыстырды. Ендігі кезек Төлебаевтікі, оны әкім қойсаңыз халық дұрыс түсінеді.— Ә, мынау көңілге қонатын нәрсе екен... – деп қала берді.
Төрт-бес күн өткенде Төлебаев Мақтаарал ауданының әкімі болып тағайындалды. Менің айтқаныммен істеді деп кесіп айту қиын, дегенмен осындай әңгіменің болғаны ақиқат».
(Қ. Айтаханов, «Өмір белестері», «Фолиант» баспасы, Астана–2017 жыл, (285-бет)
Кенжекең «Беделді белесіме ризамын!» деген кітабында (138-бет) бұл жайды былай деп еске алады:
«Қуаныш аға әділдігі осы болар деп, шынын айтыпты. Кім білсін, егер ол кісі есіне салмаса, менің тағдырым басқаша шешілер ме еді? Қамқорлығы үшін үлкен рахмет! Бірақ, мемлекеттік жұмысты кезекпен үйлестіру дегеннің өзі қазақтың телім-теберік немесе сыбаға таратқанындай болғанын да жоққа шығармаймыз. Рас, жасына, жолына қараса да менің кезегім еді. Біріккен үш ауданның әкімдерінің жасы үлкені Омарбек Нұржанов болатын, алдымен кезек бердік. Кейінгі жасы үлкені Ибадулла еді, ол да өз кезегін пайдаланды, жасы кішісі мен едім, бірақ «енді менің кезегім» деп айтуға аузым бармайды ғой. Егер айта қалсаң: «Қойдың кезегі емес саған», – деген қатаң сөз естуің әбден мүмкін».
Көп ұзамай Кенжекең Оңтүстік Қазақстан облысының экономика басқармасына басшы болып келді. Бұрын кеңседе ұзақ отыра алмайтын, ойлау жүйесін тоқыратып алуға шақ қалғанын енді түсінді. Тиісті әдебиеттерді ерінбей оқып, іздене түсті. «Экономика — “үй шаруашылығын басқаратын адам” дегенді білдіреді деген грек оқымыстылары» – деп күледі Кенжекең. Енді облыс көлемінде үнемі пайда көздерін іздеумен айналысты. Бұрынғы директор, ауданға басшы болып істегендегі тәжірибелері бұл жолы көп пайдасын тигізді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде экономика факультетінің бітірушілеріне арналған мемлекеттік емтихан комиссиясына төраға болып барып, біраз кемшіліктерді көріп, ұстаздарды да ұялтып қайтқан кезі бар. Сол кездегі облыс әкімі Болат Жылқышиевтің ұсынысымен облыс әкімінің құрылыс және көлік қатынастары жөніндегі орынбасары қызметіне жоғарылатылып, жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті.
Көптен бері құрылысы тоқтап тұрған Спорт сарайының жұмысы күндіз-түні жүргізіліп, Президент Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен лентасы қиылып, халық игілігіне берілді. Кейін бұл ғимарат «Мұз сарайы» аталып, іске қосылуына Кенжекеңнің айтарлықтай еңбегі сіңді. 2004 жылы республика көлемінде құрылысқа, әсіресе тұрғын үй құрылысына ерекше көңіл бөлінді. Республикада бірінші болып Оңтүстік Қазақстан облысы – Кенжехан Төлебаев бастаған топ өз бағдарламасын қорғап, алғашқы үйдің алғашқы қышын сол кездегі Үкімет басшысы Даниал Ахметов қалады. Сөйтіп құрылыс қарқын алып, биік үйлер мен әсем ғимараттар бірінен соң бірі бой көтерді. Бір мөлтек ауданға айналған құрылыс алаңы нағыз қайнаған еңбектің ортасына, екпінді құрылыс майданына айналды.
Жаңаша материал – пенопласт пайдаланылып, экологиялық таза әрі жеңіл құрылыс әдісі енгізілді. Президент Н.Ә.Назарбаев кезекті іссапармен келгенде, үлкен құрылысты көріп, ризашылығын білдірді. Д.Қонаев көшесі мен Желтоқсан көшесінің қиылысында тұрған «сақалды» 9 қабатты ғимараттар мен «Колос» мөлтек ауданындағы 9 қабатты үйлер аяқталып, қалаға сән берді. Сонымен бірге Ордабасы ауданындағы аурухана, Түркістан мен Кентау қалаларындағы су жүйелері және көптеген құрылыс нысандары іске қосылды. Кезекте тұрған, әсіресе зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар үшін бұл үлкен қуаныш болды. Сол кезде салынып жатқан жаңа мөлтек ауданға «Нұрсәт» деген атау берілді.
Кенжекең ол сәттерді былай еске алады:
«Өзіміз сол құрылыс мекемелерінің бастығындай жұмыс істедік. Не жетіспей жатыр, барлығын бақылап, үйлестіріп отырдық. Көз алдыңда әсем ғимараттар бой түзеп өсіп жатса, қалай қуанбассың. Мына қарбалас қимыл, төгілген тер ертең мыңдаған адамның қуанышына ұласатынын ойласам, ішімде бір ерекше сезім пайда болып, асқақтап жүретінмін».
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі «Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру» басқармасын басқаруды ұсынды. Көктем–қыс айларында Сырдария өзені өз арнасынан асып, елді мекендерді су басу қаупі туындайтын. Маяқұм ауылы, Сарыағаш, Ордабасы аудандарындағы тасқын, Созақтағы сақырлаған аяз кезінде Кенжекең елдің жанынан табылып, мұқтаж жандардың арашашысы, тығырыққа тірелген тұста сүйеушісі бола білді. Шекара мәселелерін шешудегі жиындарға қатысып, өз ойын айтып, Арнасай мен Аманкелді кеңшарынан көшіп келуіне ықпал жасады.
Облыс әкімінің ұсынысымен Кенжекең Шымкент аграрлық колледжінің директорлығына, яғни кәсіптік білім беру саласына ауысты. Бұл колледждің жұмысы мүлде кейіндеп қалғанын біліп, терең зерттеп, қыруар жұмыстар атқарды. Соның нәтижесінде колледж республикадағы алдыңғы қатарлы 10 колледждің біріне айналды.
Жайсаң келін екеуі екі ұл, үш қыз өсіріп, барлығын да өздері сияқты кішіпейіл, қарапайым, білімді әрі көпшіл етіп тәрбиеледі. Қазір балалары өмірден өз орындарын тауып, елге белгілі азаматтар атанған. Кіші ұлы Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, бүгінде Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары қызметін атқаруда. Балалары да әкесі сияқты елге құрметпен қызмет етіп келеді.
Енді Кенжекең екеуміздің арамыздағы кейбір оқиғаларды еске алсам деймін. Мақталы кеңшарында кезінде 300–400 бас сауын сиыр, 1000 бастан астам шошқа фермалары бар еді. Кеңшардың бас зоотехнигі – менің сыныптасым Шоқан Момбеков. Мақта шаруашылығымен айналысатын, жайылымы аз кеңшарға мұнша малға жем-шөп табу қиынға соғатын. Бастауыш партия комитетінің мәжілісінде бас зоотехникке қатаң тапсырма берілген соң, сыныптасым Шоқан Шардара қаласына келіп, астық сақтау қоймасынан күрмек жемін ала алмай жүргендіктен, маған жолықты. Сол кездегі астық сақтау мекемесінің директоры Бекман Біләлов ағаға барып, 500 тонна жем мәселесін шешіп бердім. Ол жемді үш ай тасып, малды қыстан аман алып шықты. Сол тұста Кенжекең партком хатшысы ретінде ризашылығын білдірген екен. Шоқанға: «Ол кісі бізге келесі жылы да керек болады, байланысты үзбе», – депті. Келесі жылы да 500 тонна күрмек жем алуымызға көмектестім.
Сол кезде бидай, арпа егуге тұқым табылмай, Шардараға келіп, сол кездегі Қазығұрт аудандық атқару комитетінің төрағасы Қуаныш Айтаханұлы арқылы арпа, бидай тұқымын алып беруді өтінген соң, арнайы барып 100 тонна тұқымды әкелуге жәрдем жасадым. Осы қызметтерім – туған ауылыма істелген еңбек деп қуанып жүрдім. Кейін Кенжекеңмен танысқанымда кеңшарға жасаған көмегім үшін рақмет айтып, ризашылығын білдірді.
Бір кездескенде: «Төке, балаларыңыздың басы бар, келешекте керек болар, 100 га суармалы, 500 га жайылымдық жерді алып қойыңыз», – деп ұсыныс тастады. Мен: «Балаларым жас, өзім қызметтемін, ол жерді кім игереді?» – деп ат-тонымды ала қаштым. Қазір ойласам, сол ұсынысты қабыл алмағаныма өкінемін.
Бір күні кабинетіне шақырып: «Аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидатуралар ұсынылып жатыр, елге қызмет етіп жүрсіз, бүкіл аудандағы сауда саласын басқарып отырсыз, абырой-беделіңіз бар, өз кандидатураңызды ұсынып көрсеңіз қалай болады?» – деген ұсыныс айтты. Мен кандидатурамды депутаттыққа ұсынып, 4 кандидаттың ішінен қаладағы Мелдеби ауылдық округінен аудандық мәслихаттың екінші шақырылымына депутат болып сайландым. Бұл қоғамдық жұмыс бізді бұрынғыдан да жақындастыра түсті. Ауданның экономикасына бірге жанашырлық танытып, бірге еңбек еттік.
Оңтайландыру кезінде С. Макаренко атындағы мектеп жабылып, бастауыш мектеп қана болып қалған-ды. Сол мектепті 9 жылдық етіп қайта ашып, директор етіп менің жұбайым Әлияны шақырып: «Техникум бітірген директордың қоластында жоғары білімді маманның орынбасар болуы ыңғайсыздау», – деп директорлыққа тағайындағаны есімде.
Бұрын бір келген сапарында үйде қонақ болып кеткенде: «Төке, балаларыңыз өсті, кеңес дәуірінде салынған тар үйде тұрасыз. Дұрыстау үй салуға уақыт келіп қалған сияқты», – деп сыпайы ескерту жасағаны бар. Сол сөзі қамшы болып, кеңдеу үй салуымызға түрткі болды.
Қорыта келгенде, Кенжекең – нағыз елдің жүгін көтерген азамат, еңсесі биік ер. Ол өзінің бар күш-жігерін, ақыл-парасатын аудан және облыс экономикасын, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін арттыруға жұмсады. Өз іскерлігімен бірге аса қарапайым, көпшіл, бауырмашыл, мәдениетті, ісін шебер меңгерген, ғалым, рухани жан дүниесі бай, ойы озық, алыстан болжап дұрыс шешім шығаратын, адамгершілігі мол тұлға.
Бектас Төлбасы Батырханұлы —
Шардара ауданының «Құрметті азаматы»