Жақында елімізде балалардың шығармашылығын шыңдауға арналған онлайн форматта республикалық «Бояулар құпиясы» атты байқау өтті. Байқаудың ережесі бойынша «Менің ауылым» тақырыбында ерекше шығармашылық жұмыстарын көрсеткен №1 «Таңшолпан» бөбекжай бақшасының «Балапан» тобының он бір бүлдіршіні үздіктер қатарынан көрінді. Олар Рахымжан Ерке Ардаққызы, Ергешбай Нұржігіт Нұр-Мұхаммедұлы, Қыдыркелді Аяла Талғатқызы, Қыдыркелді Айдай Нұрсұлтанқызы, Жұмагелді Кәусар Дулатқызы, Жұмагелді Қайсар Дулатұлы, Ағабек Балғиза Бекарысқызы, Әлібай Нұрахмет Нұрланұлы, Жарқын Нұрасыл Байдуллаұлы, Сапарбек Айкөркем Сейтқасымқызы, Окида Мүсілім Нүркенұлы.
Бүлдіршіндер өз қолдарымен салған суреттері арқылы туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, ауыл өмірінің ерекшелігін көркем жеткізіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Сайыс қорытындысы бойынша жас суретшілер «Дипломдар» мен «Мақтау қағаздарымен» марапатталды.
Сонымен қатар, бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосып, олардың жеңіске жетуіне жетекшілік еткен білікті тәрбиеші Құлжанова Әлия Жұмақұлқызы да «Алғыс хат» пен «Құрмет грамотасына» лайық деп танылып, марапатталды. Әлия Жұмақұлқызы өз тәрбиеленушілерінің жетістігін мақтанышпен атап өтті.
-Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда осындай байқаулардың маңызы зор. Олар туған жердің сұлулығын өз қиялдарымен көркем бейнелеп, өнерге деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Алдағы уақытта да осындай жеңістерге жетуге тырысамыз, - деп пікір білдірді ол.
Қатысушылардың барлығын байқауға даярлаған білікті тәрбиеші Құлжанова Әлия Жұмақұлқызы балаларды байқауға әр түрлі дайындық кезеңдерінен өткізіп, олардың шығармашылық әлеуетін барынша ашуға күшін салды. Әлия Жұмақұлқызы балаларды өнерге баулу үлкен тәжірибесі бар, саналы ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік әдістемесі қалыптасқан педагог. Ол әрбір баланың бойындағы шығармашылық қабілеттерді байқап, оларға дұрыс бағыт-бағдар беруде үлкен шеберлік көрсетті. Бүлдіршіндердің жетістігіне еңбегі сіңген Құлжанова Әлия нағыз білікті маман екенін дәлелдеді. Осы жарысқа қатысу бүлдіршіндер үшін үлкен тәжірибе болып, шығармашылық жолында жаңа белестерді бағындыруға жол ашты.
Р.УТЕНОВА –
№ 1 «Таңшолпан» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі