«Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету бойынша Алименттің мөлшерін есептеу және өндіріп алу тәртібі Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»
Заңының талаптарымен орындалу тәртібі туралы
Негізінде Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Рес-публикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының (Әрі қарай Заңының) 16 бабы бойынша: Атқа-рушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.
Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Рес-публикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Осы Заңының 35-1 бабы бойынша: Шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде борышкер сот санкциялаған сот орындаушысының уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі мүмкін. Күштеп әкелуді сот орындаушысы ішкі істер органы қызметкерінің қатысуымен үш сағаттан аспайтын мерзімге және жұмыс күндері сағат тоғыздан он сегізге дейін ғана атқарушылық әрекеттер жасау орнына мәжбүрлеп апару арқылы жүзеге асырады.
Борышкер туралы барлық мәлімет-анықтамаларды біз өзіміздің АИС ОИП (Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық) жүйесінің ақпараты арқылы, тұрақты тіркелген мекен-жайы және борышкердің атына екінші деңгейдегі банктерде есеп-шоты, ақша қалдығы және жылжитын, жылжымайтын мүліктері туралы барлық ақпаратты біліп отырамыз, алимент берешек қарызы анықталған жағдайда тыйым салу туралы электрондық түрде қаулы жолдаймыз.
Алимент берешек қарызы, осы Заңының 99 бабы бойынша: Борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбi, яғни Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы берешекті айқындау туралы қаулы шығарады және осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады. Алимент бойынша берешекті сот орындаушысы тоқсан сайын айқын-дайды. Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде борышкер алатын нақты жалақыны (кірісті) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейдi. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерi негізге ала отырып айқындалады. Борышкердiң алимент бойынша берешегi оны төлеуден жалтару салдарынан құралған жағдайда берешек сомасына Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Респуб-ликасы Кодексінің 171-бабының 1-тармағына сәйкес тұрақсыздық айыпақы есептеледi. Осы Заңының 93 бабы бойынша: Борышкердің мүлкі болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жет-кіліксіз болған жағдайда басқа да өндіріп алу бойынша қолданылады. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алынған кезде сот орындаушысы осы Заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берiлген сома толық өндiрiп алынғанға дейiн ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиiс екендiгi көрсетiледi және аумақтық бөлімнің не жеке сот орындаушысының мөрі-мен куәландырылған атқарушылық құжаттың көшірмесімен бірге оны орындау үшiн борышкер еңбек қа-тынастарында тұрған жұмыс берушiге немесе борышкер одан кіріс алатын тұлғаға жiбередi.
Алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Егерде жұмыс істемейтін жұмыссыз борышкер Түркістан облысы Шардара ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы «МАНСАП» орталығы ММ-не әдейі бармай, яғни жұмыспен қамыту және әлеуметтік бағдарлама бойынша, әдейі қасақана жұмыспен қамыту орталығына жұмысқа тіркелмей атқару парағын орындаудан жалтарып жүр берешек қарызын төлемей, сот актісін орындамай келсе Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669: Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау – Жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 139 бабы бойынша: Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы – екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жауапқа тартылу борышкердi атқарушылық құжатта көзделген әрекеттердi орындау мiндетiнен босатпайды.
Қозғалған атқару өндірісімен толық мәліметті осы Атқарушылық іс жургізу тараптары https://ai-soip.adilet.gov.kz мекенжайы бойынша АІЖОААЖ порталында тіркеліп, атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса алады.
Н.К.БАКИРОВ - Түркістан облысы Шардара аумақтық жеке сот орындаушылар бөлімінің басшысы.