ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Депутаттар – халық сеніміне ие азаматтар

Әлеумет
«Жергілікті және атқарушы органдар туралы» Заң қабылданды. Ол бойынша жергілікті өкілетті органдар-мәслихат болып аталды. Осы тарихи атаулы күнді Шардара аудандық мәслихат депутаттары да лайықты түрде атап өтті.
Жаңа саябақта ағаш көшетін отырғызудан басталған мерекелік шара аудандық Мәдениет сарайында жалғасын тапты. Келуші қонақтар мен барлық шақырылымдарда депутат болып сайланған азаматтар кіші залдағы мәслихаттың тарихынан мағлұмат беретін түрлі тақырыптағы көрмелермен танысып, суреттерге түсті. Одан кейін негізгі іс-шара басталып, мемлекетіміздің Әнұраны орындалғаннан кейін ЛЭД экраннан аудандық мәслихаттың 30 жылдығына арналған бейнеролик көрсетілді. Аудандық мәслихаттың төрағасы Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлы өзінің құттықтау сөзінен кейін аудандық мәслихаттың тарихына шолу жасады.
1994 жылдың наурыз айында еліміз бойынша жергілікті өкілді органдарға алғашқы сайлау өткізілген. Барлық жерде - облыс, қала, аудандарда мәслихаттар жиналыстары өткізіліп, құрылды. Осы жылдың сәуір айында Шардара аудандық мәслихатының бірінші сессиясы болып, оған сайланған алғашқы 20 депутаттың арасынан Бұхарбай Әділханов хатшысы болып сайланған. Одан кейінгі мерзімдерде аудандық мәслихаттың хатшысы, төрағасы міндеттерін Тоқсанбай Бердібеков, Бұлтбай Мүтәлиев, Арман Қарсыбаевтар атқарған. Жалпы 30 жылдағы аудандық мәслихаттың сегіз шақырылымында 80-нен астам азамат депутаттық қызмет атқарған.
– 1994-1999 жылдар арасындағы ең алғашқы шақырылымдағы сайланған депутаттарға артылған жүк оңай болмады. Еліміз енді ғана егемендік алып, аяққа тұра бастаған кездегі қиындықтарды әлі ұмытқанымыз жоқ. Бюджеттің тапшылығы, жалақы мен жәрдемақы, зейнетақылардың өз уақытында берілмеуі сияқты ауыр кезеңде аудандық депутаттар халықпен тікелей жұмыс жүргізіп, елдің ынтымағы мен ауызбіршілігін сақтау жолында жұмыстар атқарды, – деген Бұлтбай Лесбекұлы көптеген депутаттардың аты-жөндерін жеке-жеке атап өтіп, оларға деген аудан тұрғындары мен өз атынан алғысын білдірді.
Марапаттау рәсімінің алғашқы кезеңінде қазіргі таңдағы жұмыс жасап жатқан VIII шақырылымның депутаттары оған дейінгі шақырылымдағы аудандық, облыстық мәслихаттың депутаттары болған азаматтарға «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалдарын табыстап, құттықтады. Олардың қатарында бірнеше рет аудандық, облыстық мәслихаттарға сайланған Тоқсанбай Бердібеков, Тәңірберді Ағманұлы, Зәкірхан Талбидин, Раманқұл Аманолла, Рабиға Қуатбекова, Бақытжан Сермаңызов, Серік Нұрбеков, Тұрғанбек Қанаев тағы басқалар бар.
Сол сияқты аудандық мәслихаттың төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев Шардара ауданының прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы, Шардара аудандық сотының төрағасы Ондыбаева Светлана Рысбекқызы, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шардара аудандық бөлімшесінің басшысы Аликулов Сабыр Аманбекұлы, Шардара аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Шералы Әділханұлы, Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Жұманов Ербол Жанұзақұлы, Шардара аудандық төтенше жағдай жөніндегі бөлімнің басшысы Жамединов Досан Сазанұлы, Алатау батыр ауылдық округінің әкімі Ақжаров Мейірбек Халиуллаұлы, Сүткент ауылдық округінің әкімі Кенбай Қайрат Рахымжанұлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жетпісбаев Бауыржан Оразбекұлы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлімқұл Талғат Керімқұлұлы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Рүстем Өмірбек Бақтыбекұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Мусатаева Жанат Тұяқбайқызы, аудан әкімінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Кошимова Қалдықыз Төлегенқызы, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлы, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрпейісов Мұратбек Айтұлы, аудандық Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Ілесов Қыстау Інайұлы, ардагер Үзденбаев Дәулет қажы Байтуғанұлы, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сейітханов Мухидин Әбуұлы, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС директоры Пашаров Серік Түзелбайұлы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ибраймов Шохан Құралбайұлын «Қазақстан мәслихатына 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Бұлтбай Мүтәлиевті, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен мерекелік шараға келген қонақтарды Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың хатын оқып беріп жиналғандарды мерекемен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Қаратунов Еркебұлан Абдуғафарұлы жергілікті өкілді органдардың нығаюына қосқан елеулі қызметі үшін Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттары Қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» медалімен аудандық мәслихаттың төрағсы Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлын марапаттады.
Сонымен қатар Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №36-224-V шешімімен прокуратура саласының ардагері Жәнібеков Батыржан Нұрмаханұлына, мәслихаттың 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №26-144- VIII шешімімен «Қазсушар» РМК Шардара өндірістік бөлімшесінің бастығы Мутәлиев Абай Кеңесұлына Шардара ауданының Құрметті азаматы атағының куәлігі мен белгісімен «Қазақстан мәслихатына 30 жыл» мерекелік медалін тапсырды.
«Жергілікті өкілді органдардың нығаюына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қызметі үшін Шардара ауданының прокуратурасының прокуроры Нұрахым Сәбит Қуатұлы мен Шардара аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Елшібаев Нұрсұлтан Турашбекұлы «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медаліне ие болса, VIII шақырылымындағы аудандық мәслихаттың депутаты Базаров Бекарыс Ералханұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен, «Қазақстан мәслихатына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Ал, еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Түркістан облысы әкімінің Грамотасымен және «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медаліне аудандық мәслихаттың депутаттары Искаков Тимур Қалиұлы, Райымқұлов Берік Абдирасилұлы, Дүйсенов Дархан Нұрадилұлы, аудандық мәслихаттың аппараты басшысы Бекмұратов Рахымжан Бердібекұлы ие болды.
Келесі кезекте аудандық мәслихаттың депутаттары Тілешова Құралай Құралбекқызы, Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы, Айдос Сүндетәлі Қалмахамбетұлы, Жамбаев Алмасхан Бекежанұлы, Қарабаев Ержан Қошқарұлы, Жалғасбаев Талғат Серікбайұлы, комбат джиу-джитсудан 2022 жылғы Әлем чемпионы, 2024 жылғы әлемнің күміс жүлдегері, Азияның 3 дүркін чемпионы Мекенбай Мұса Серікбайұлы, әлем чемпионының жаттықтырушысы Алтынбеков Нұрқасым Жақсыбайұлы, таэквондадан әлем кубогының 2 дүркін чемпионының жаттықтырушысы Қуандықов Жамбыл Бақытұлы Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хатымен мен «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медаліне ие болды.
Сахнаға көтеріліп құттықтау сөз алған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Сермаңызов Бахытжан Қыпшақбайұлы аудандық мәслихаттың төрағасы Бұлтбай Лесбекұлына облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішевтің құттықтау хатын табыстап, Шардара аудандық мәслихатының IV, V, VI шақырылымдарының депутаты Күметов Полатбек Салықбайұлына жергілікті өкілді органдардың нығаюына қосқан үлесі мен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті сенаты төрағасының Алғыс хатын, аудандық мәслихаттың депутаттары Раймуханов Болат Закариеұлы, Серіков Мағжан Беркінбайұлы, аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Жумаділлаев Досбол Жүсіпұлы, аудандық мәслихат аппаратының қызметкері Қалдыбекова Ақмарал Әлшерқызы, аудандық мәслихат аппаратының бас мамандары Дербісбеков Мейрамхан Хажымұлы, Әмірешов Жеңіс Қалдыбайұлына облыстық әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішевтің Грамотасы мен «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасының Грамотасымен VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаты Асылбеков Ғалымжан Серікұлы Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Senat Open» турниріне белсене қатысып, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан ерекше үлесі үшін еңбек ардагері Ысқақов Аманжол Оразбайұлы, аудандық мәслихаттың депутаты Дүйсенов Дархан Нурадилұлы, қоғам белсендісі, мұғалім Ағайдаров Төлжан Тасболатұлы марапатталды.
Мерекелік шарада Ержан Қабылбеков «Мерей» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуінде «Ақ толқын айдынында», Әділғазы Ибрагимов пен Нұржан Жығалиев «Отан», Маржан Келдібай мен Ахмет Молдақұлов «Түркістан», Ербол Таңжарұлы «Қазақтай биік ел бар – Қаһарман» әндерін, Жұмагүл Сәрсекенова мен Сәттібек Жолдасбеков «Түркі әлемі» күйін шертіп, қатысушыларға өз өнерлерін тарту етті.
«Каусар-Хол» мейрамханасындағы мерекелік шараға қатысқан қонақтар мен депутаттарға арналып жайылған дастархан басында Тәңірберді Ағманұлы, Тоқсанбай Бердібек, Қыстау Інайұлы, Аманолла Әмірқұлұлы бастаған аға буын депутаттар өздерінің іс-тәжірибелерін қазіргі жұмыс жасап жатқан депутаттарға үлгі ете отырып, атқарып жатқан жұмыстарында мол жетістіктер тіледі. Жүзге жуық марапат иелеріне арнайы дайындалған сыйлықтар үлестірілді. Аудандық мәдениет сарайының әншілері әннен шашу шашып, шараға қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Осылайша Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерекесі аспаннан медаль жауған күн болып, қатысушылардың есінде қаларлықтай болып өтті.
Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ
Made on
Tilda