Шардара ауданының білім беру мекемесі биылғы 2024 жылды жақсы жетістіктермен қорытындылап отыр. Жыл сайын мұғалімдердің біліктіліктері арттырылып, саналы білім берудің нәтижесінде «Алтын белгі», «Үздік аттестат» жоғары оқу орындарына грант негізінде оқуға түсушілердің де саны артып келеді. Бұл әрине жылдар бойы ұстаздарымыздың саналы ұрпақты білім нәрімен жеткілікті қамтамасыз еткендіктерінің нәтижесі деп білемін.
Шардара ауданы бойынша 2024-2025 оқу жылында мектепке дейінгі білім беретін мекемеде 4730 тәрбиеленуші, 31 білім беру ұйымдарында 18882 оқушы білім алуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 1-4 бастауыш сыныптың 7220 оқушысы толық ыстық тамақпен қамтылған. Әлеуметтік картада есепте тұрған балалар саны – 919 оқушы. Жалпы мектептерде ыстық тамақпен 8139 оқушы қамтылды.
Шардара аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелеріне 2024-2025 оқу жылында жалпы 249 оқушы тасымалдануда.
Биыл ауданның білім беру саласына 27 миллиард 022 миллион 794 мың теңге қаржы қаралып, 2023 жылмен салыстырғанда 963 миилион 953 мың теңгеге артып отыр, мұның өзі білім саласына деген үкіметіміздің қамқорлығы деп білеміз.
Шардара қаласынан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша –2023-2025 жылдары аралығында ауданда 2 мектептің құрылысын жүргізу қолға алынған. Жобаға сәйкес, 1500 оқушы Шардара қаласындағы 4-ші шағын ауданында 1200 орындық, Өтеғұл шағын ауданында 300 орындық заман талабына сай мектеппен қамтылады. Бүгінгі таңда осы 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі күтілуде.
2024 жылға мектептерді пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету үшін 260 млн. 954 мың теңге қаржы қаралған, аталмыш қаржыға 3 физика, 3 химия, 3 биология, 3 STEM, 3 робототехника кабинеттері сатып алынады.
Бұдан бөлек, білім бөліміне қарасты ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында білім беру мекемелерін негізгі құралдармен қамтамасыз ету үшін 140 млн. 774 мың теңге қаржы қаралып, оған акт залға арналған LED экрандар, компьютерлер, арнайы станоктар, интерактивті тақталар, кондиционерлер, принтерлер сатып алынуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.
Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады.
Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады. «Озық ойлы ұлт» идеясы балалар мен жастардың бойында білімге құштарлық, шығармашылық және инновациялық ойлау, кәсіби даму, бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дамыту арқылы өзгерістерге бейімделіп, инновациялық технологияларды ұтымды қолданатын ұлтты қалыптастыруға бағытталады.
Осы ретте біз былтыр аудан мектептерінде басталған «Кітапхана-театр» жобасы аясында жұмысты жалғастыратын боламыз. Сонымен қатар, облыстық әдістемелік орталықтың бастамасы болып табылатын «КітапХан» жобасына қатысуды жалғастырамыз.
Биыл оқушыларымыздың жеткен жетістіктері көз қуантады. Республикалық кезеңге ауыл мектептерінің 8 сынып оқушыларына арналған «IQANAT» оқушылар олимпиадасына 9 оқушы қатысып, «Достық» жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Болысбай Ақтолқын «Грант» иегері атанды.
Республикалық ауыл балаларына арналған жалпы білім беретін пәндерден 9-10-11 сынып оқушылары арасында республикалық пән олимпиадасында «Жаушықұм» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Еспан Ақтөре география пәнінен жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Республикалық 5-6 сынып оқушылары арасында өткен пән олимпиадасына Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы Әмзе Інжу Нұрсұлтанқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысып «Мақтау қағаз» иеленді.
Республикалық«Мәшһүр Жүсіп» оқуларының республикалық кезеңінде Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Байдулла Ерғали жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Облыстық 9-10 сынып оқушылар арасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсынан 3 оқушы жүлделі І,ІІ ІІІ орындармен марапатталды.
Облыстық «National Geographic Qazaqstan» 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген география пәнінен Ұлттық Олимпиадада «Жаушықұм» мектеп-лицейінің оқушысы Айыпхан Мадина жүлделі І орынмен марапатталды.
Облыстық «Болашаққа лайықты маман» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларының оқу жаттығу жиынында «Бизнеске апарар жол» сайысынан А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Базарқұл Балнұр жүлделі І-орынды, Қ.Аманжолв атындағы жалпы білім беретін мектептен 9 сынып оқушысы Панай Бағдәулет Серікұлы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Биылғы жетістіктеріміз алдағы жылға меже емес. Келер Жылан жылында да ұстаздарымыз өз іс-тәжірибелерін жетілдіре отырып, жаңа жылда жаңаша жұмыстар атқара бермек.
Алда келе жатқан Жаңа жылымыз жетістіктер жылы болып, баршамызға құтты жыл болып келе берсін, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
МУСАТАЕВА
Жанат Тұяқбайқызы –
Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы