ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРАДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Әлеумет
2025 жылғы 3 маусымда аудан әкімінің бастамасымен Шардара ауданындағы «Nur-delux» жағажайында шомылу маусымының ашылуы өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев құттықтау сөз сөйлеп, шомылу маусымының сәтті әрі қауіпсіз өтуіне тілектестік білдірді.
Мерекелік шара аясында жағажай аумағында түрлі спорттық жарыстар – волейбол, футбол, арқан тарту, қошқар көтеру және гір тас көтеру бойынша бәсекелер, сондай-ақ отбасылық «Толағай» сайыстары өткізілді. Сонымен қатар аудандық көркемөнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара барысында спорттық жарыстар мен отбасылық сайыстардың жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Made on
Tilda