1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бүгінде Отан қорғаушылар күні – мемлекеттік мереке ретінде тойланып келеді.
7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Е.Жұманов және бірқатар мекеме басшылары жеке радилокациялық бөлімін, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі және Шардара шекера бөлімінің қызметкерлерін айтулы мейраммен салтанатты түрде құттықтады.
«10216-Е» әскери бөлімінде өткен жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев мерекенің мән-маңызына тоқталды.
– Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, таусылмас бақыт тілеймін. Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметі ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Біздің Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді кірпік қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз, - деді.
Сонымен қатар, әскери бөлім басшылары мен қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, Отан қорғаушы азаматтардың рухын көтеретін патриоттық әндер шырқалды.
Өз тілшімізден