ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ОҚУШЫЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ ДЕМАЛУДА

Әлеумет
Биылғы жылы қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне білім беру мекемелерінен аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен қорғаншылықтағы, қамқоршылықтағы және тұл жетім, толық емес отбасы балалары, террористік белсенді аймақтан оралған отбасы балалары және көп балалы отбасы балалары қамтылуда.
Осыған байланысты оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында аудан бойынша 1200 оқушыны жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жеңімпаз анықталған.
Білім бөлімінің 2024 жылғы 20 мамырда «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» № 122 бұйрығы шығарылып, білім беру мекемелеріне жолданды. Бұйрыққа сәйкес білім беру мекемелеріндегі 1-4 сыныптар үшін жазғы сауықтыру алаңшалары 2024 жылғы 27 мамырдан бастап ашылып, жұмыстар жүргі-зілуде. Биылғы жылы 1-4 сынып оқушылары жазғы сауықтыру алаңшаларымен толық қамтылу керектігі жоспарланған. Қазіргі таңда 1 ауысым жұмыстары аяқталып, 2 ауысым жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылғы 22 мамыр күні жазғы сауықтыру алаңшаларының жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі бойынша Шардара мектеп лицейінде ақпараттық семинар ұйымдастырылды.
Оқушылардың жазғы демалыс кезінде Шардара аудандық «Оқушылар үйі» балалармен көпшілік-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу мақсатында маусым айында 28 үйірме жетекшілері 784 оқушымен, шілде айында 12 үйірме жетекшілері-336 оқушымен, тамыз айында 25 үйірме жетекшісі 600 оқушымен жоспар-лы және жоспардан тыс іс-шараларды ұйымдастырады.
Шардара аудандық «Саз мектебінде» де маусым, шілде, тамыз айларында 13 үйірме ұйымдастырылып, өткізілетін 9 іс-шараға 450-ге жуық оқушыны қамту жоспарлануда.
Жаз айларында ұйымдастырылатын іс-шараларға және жұмыс барысында балалардың қызығушылығы ескеріліп, мерекелік танымдық байқаулар мен тақырыптық ойындар, викториналар, дөңгелек үстел жұмысы, еске алу кештері, әдеби кештер, спорттық жарыстар, пікірсайыстар мен талқылаулар және де балалардың шығармашылық ой-өрістерін дамытуға байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Оқу жылының аяқталуына орай, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша мектеп басшылары тарапынан мектепішілік, сыныпта ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып, қауіпсіздік іс-шараларымен таныстырылды.
Қазіргі таңда «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 35 шешімімен бекітілген «QH Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы аясында біздің ауданға 150 оқушыға жолдама Шымкент қаласы, Маятас ауылындағы «Гавая» сауықтыру лагеріне берілген. Ол, лагерге Шардара ауданының білім бөліміне қарасты ауыл мектептерінің өнерлі, дарынды, үздік және жетім, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасы балаларынан ағымдағы жылдың 1-11 маусым аралығында 50 оқушы (Жаушықұм, Ш.Уәлиханов, Сырдария, Ұзыната, С.Кәттабеков атындағы ЖББМ-нен) демалды.
Келесі кезекте, 2024 жылғы 21 маусымнан бастап «Егізқұм», «Достық», «Ақалтын», «Қоссейіт» және Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептерінен демалуға әр мектептен 10 оқушыдан, 50 оқушы жіберіледі.
Қалған мектептерден ағымдағы жылдың 30 маусымнан бастап демалатын болады.
Нұрғали ӘБІЛДАЕВ–
Шардара аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскері
Made on
Tilda