Қазіргі таңда кәсіпкерлік басты салаға айналып келеді. Халық бұрынғыдай мемлекет бізге не береді деп емес, керісінше кәсіп ашып, өзін-өзі қамтып, артылғанын жан-жағына, тіпті мемлекетке тапсыруды үйрене бастады. Айтатын болсақ, биыл шағын және орта субъектілердің саны 10792 бірлікті құрап, олардың өндірген өнімдерінің көлемі 18,2 миллиард теңгені құрады. Ауданға биыл негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 27,8 миллиард теңгеге жетті.
Ауданымызда жеке кәсіпкерлер есебінен инвестиция тарту бағытында биыл 11 жоба іске асырылды. Атап айтқанда «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу кәсіпорнының құрылысының 2-кезеңі, тігін фабрикасы, күріш өндіру кәсіпорны, мал азығын, құрама жем шығару цехы, Алатау батыр ауылында жиһаз жасау цехы, наубайхана, қауынқақ цехы, мал сою бекеті, тоғанда балық өсіру кешені, бөдене құсын өсіру жобалары іске қосылды.
Аудандағы қаржы институты несие серіктестігі «Шардара-Несие» ЖШС-гі арқылы 17 жеке және заңды кәсіпкерлерге 199 650 мың теңге қаржы беріліп, жұмыстарын жүргізуге ықпал жасалды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 8 жобаға қолдау көрсетіліп, «Даму» қоры мен екінші деңгейлі банктер бойынша жеңілдетілген несиелер беру, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.
Жалпы алғанда қазіргі таңда ауданда 12764 адам шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыс жасап, өзін өзі қамтамасыз етуде. Бұл жұмыстар алдағы кезде де жалғасын таба бермек.
Биылғы жылды өздеріне лайықты жетістіктерімен қорытындылаған аудан кәсіпкерлерін Жаңа-Жылан жылының келуімен құттықтап, бастаған істеріңіз баянды болсын, Жаңа жылдарыңыз табыстарыңызды еселеп арттыратын жылдарыңыз болсын деймін.
Жаңа Жылдарыңыз құтты болсын!
РҮСТЕМ
Өмірбек Бақтыбекұлы–
аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы