«Нұр-МБК» ӨК төрағасы
Қариев Нұрболат Нұрмаханұлы
Жаздың жайма шуақ күндерінің тағы бір қарбалас шағы басталды. Тіршілік басталып, адамдар өз жұмыс орындарына асықты. Шардара аудандық «Шартарап-Шарайна» газетінде де солай. Күнделікті сақталған тәртіп бойынша газет редакторы Нұрекең (Нұрмахан Қары) журналистерге кезекті тапсырмаларын беріп, әр тарапқа жіберді.
Ақбота Нұрполатқызы берілген тапсырмаға сәйкес ауданда жаңадан ашылып жатқан нысандарға барды. Шынында да бұл күн жағымды жаңалықтарға толы күн болды. Жаушықұм ауылына көгілдір газ берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімінің өзі қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, құттықтауын жеткізді. Жергілікті тұрғындар да аудан басшысынан бастап жұмысты ұйымдастырып, жүргізген барша азаматтарға өз алғыстарын білдірді.
Келесі кезекте аудан басшысы 100 отбасыға баспана кілтін табыс етті. Жыл аяғына дейін тағы да 120 отбасы пәтерлі болатынын да атап өтті. Не деген қуаныш десеңізші! Әркімнің жеке өз үйі болғанына не жетсін. Әсіресе, екінші топ мүгедегі Зулфия Орынбекованың қуанышын айтсаңызшы! Өз баспанасы болуын неше жыл күткен ол қайта-қайта «Рахмет, рахмет!» дей берді.
Бұдан кейін «Ақ жайық» аквапаркі аудан тұрғындарына есігін айқара ашты. Бұл демалыс орнының ашылуы арқылы жаздың аптап ыстығында қала тұрғындары, әсіресе балалар шомылып, уақыттарын көңілді де мазмұнды өткізулеріне зор мүмкіндік туды.
Басқа да жаңалықтарды көзбен көріп, көңіліне түйіп алған Ақбота Нұрполатқызы мақаласын тездетіп дайындап, аудан халқынан сүйінші сұрауға жұмыс орнына асықты.
Тілші Жаңабай Әліқұлұлы да аудан басшыларымен бірге Алатау батыр ауылындағы «Шұғыла-2» шаруа қожалығының егіс алқабында су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша өткен семинарға қатысып, керемет жаңалықтың куәсі болып қайтты. Шаруашылық иесі Талғат Төлебайұлы 10 миллион инвестиция тартып, 15 гектар жерге бақша еккен. Көктемде жерді тегістеп, дайындап, техника көмегімен жамылғы астына әр 20 сантиметрінде су тамшылайтын эмиттерлері бар, диаметрі 15 сантиметрлік түтікшелерді орналастырған. Жамылғы үстінен ойық жасап, өздері өсіріп дайындаған қарбыз көшеттерін отырғызған. Шамамен әр гектар жерде 7,0-7,5 мың түп көшет бар. Минералды тыңайтқыш сумен қосып беріледі. Түтік арқылы барлық көшетке су бір мезгілде жететіндіктен өскіндер бір тегіс өсуде. Шамамен түтіктің әр тесігінен су сағатына 1,0-1,5 литрдей ғана ағады. Әр суғаруға төрт сағат жұмсалады. Ең негізгісі ағын су бұл технология арқылы он есеге жуық үнемделеді.
Аудан шаруларына нағыз керекті, қолға алатын жаңалық.
Тілші Аяжан Тәжі де осы күні түске дейін редактордың тапсырмасына орай мектептен дайындалатын екі беттік материалын да аяқтап шықты.
Гүлжан Бейсенбайқызы журналистердің дайындаған мақалаларын компьютерге теріп, сонымен қатар редакция поштасынан келген хабарламалар, құттықтаулар мен жарнамаларды тіркеуге алып, редакциялық өңдеуден өткізіп, ғаламтор желісі арқылы жұмысқа он лайн қатысып отырған редактор Нұрмахан Қарыға жіберді. Редактор түскен барлық мақалаларды оқып шығып, газетке жариялауға рұқсат еткеннен кейін газетке орналастыру жұмыстары атқарылды.
Оператор – газет беттеушілер Гүлжан Бейсенбайқызы мен Райхан Аманжолқызы келген материалдарды мағынасына қарай сұрыптап, қай мақаланың қайда орналасатынын анықтап, суреттерді де таңдап алды.
Олардың ішінде жастар, әлеуметтік сапа, білім, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, маман кеңесі тағы басқа да тақырыптардағы мақалалар бар. Содан соң тиісті беттерге орналастырып, әр мақаланың соңына немесе тақырыбының қасына QR арқылы сол мақалаға қатысты фотосуреттер мен видеотүсірілімдерді мүмкіндігіне қарай қойып, Райхан Аманжолқызы бетті көркемдеп шыққанынан кейін дайын болған беттердің көшірмелері кезекші редактор Жаңабай Әліқұлұлы мен бас редакторға көрсетілді.
Олар газеттің әр бетіне орналасқан материалдарды тағы да бір көріп шығып, суреттерінің орналасуына тақырыптарына, авторларына, сонымен қатар сөздердің дұрыс тасымалдануына дейін көріп шықты.
Газеттің соңғы жұмысын атқару Райхан Аманжолқызының үлесіне тиді. Газеттегі мақалалардың тақырыптарына әр түрлі рең беріп, беттерді жеке-жеке қатырып (PDF файлға айналдырып) бір сағат көлемінде интернет арқылы «Ернұр-ПРЕСС» корпорациясының «PrintSap» баспаханасына басуға жөнелтті. Арада тағы бір сағат өткенде баспа орнынан «Газет басылды» деген хабар келіп, редакция қызметкерлері газеттің жаңа нөмірінің шығуымен бір-бірін құттықтап жатты.
Жиырма үш жылдан бері аудан жаңалықтарын өз оқырмандарына жеткізіп, жүздесіп отыратын «Шартарап-Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің әр шығарылымы осындай қарбаласпен басылып шығады. Газет ұжымына шығармашылық жетістіктер тілей отырып, оқырмандарымен әр мерекелі күндерде, ширек жарты ғасырлық, ғасырлық мерейтойларында жүздесе берсін деп тілейміз.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ