31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн. XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады.
Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау. XX ғасырда қазақ ұлты тартқан ең ауыр зардап – осы зұлматты жылдармен байланысты.
1931-1933 жылдың ашаршылығы миллиондаған қазақтың басын жұтты, 1937-1938-дің репрессиясы қазақтың бетке ұстар қаймағын қынадай қырып салды. Қызыл империяның қылышынан қаны тамған заманда елімізде 20-дан астам лагерь жұмыс істеп, оларда 800 мыңнан астам асыл азаматтарымыз азап шекті.
1937-1938 жылдар аралығында 103 мың адам қуғындалып, 27 мыңнан астам адам атылды. Бұл күні тек қуғын-сүргін құрбандарының туған-туыстары ғана емес, бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс.
Лагерьлерде қазақ мәдениеті мен ғылымына, ағарту саласына еңбегі сіңген интеллигенция өкілдері азап шекті. Бұл күні мыңдаған қуғын-сүргін құрбандарын – Ахмет Байтұрсыновты, Әлихан Бөкейхановты, Сәкен Сейфуллинді, Бейімбет Майлинді, Ілияс Жансүгіровті, Мағжан Жұмабаевты, Міржақып Дулатовты, Тұрар Рысқұловты, Санжар Асфендияровты, Темірбек Жүргеновті, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтарды еске алмауға болмайды.
1938-1953 жылдар аралығында жұмыс істеген «Алжир» әйелдер лагерінде 20 мыңға жуық әйел қамалып, олардың 7 мыңнан астамы азап түрмесінде көз жұмды. Солардың ішінде Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Жұмат Шаниннің, Санжар Асфендияровтың, Темірбек Жүргеновтің, Тұрар Рысқұловтың, Сұлтанбек Қожановтың тағы басқа тұлғаларымыздың әйелдері де бар еді.
Біздің жүрегімізде жазықсыз жапа шегіп, репрессияға ұшырағандардың әйелдері, отбасылары мен туған туыстарының есімдері мәңгілікке қалады.
Ж.ӘЛІҚҰЛҰЛЫ