ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиналыс өткізілді

Төтенше жағдайлар Әлеумет
2025 жылдың 14 наруыз күні Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу мәселелері бойынша жиналыс өткізліді.

Жиналыста бөлім басшысы Е.Нурахов Мемлекет басшысының тапсырмалары мен міндеттерін, соның ішінде «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстары түсіндіріп, оның қағидатын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарға арналған WhatsApp чат-ботын іске қосқанын хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде қоғамда «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыратынын атап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында жаңа әдістердің дайындалып жатқанын атап өтті.
Made on
Tilda