Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық телерадио хабарларын тарату операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасының бастал-ғанын хабарлайды. 🟢 Бағдарламаның мақсаты – жеке және заңды тұлғаларды отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының қабылдау құрылғыларын сатып алуға ынталандыру. 🔹 Бағдарлама аясында операторлар жабдықтарды орнатуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігіне ие болады. 🔹 Бұл шара азаматтардың телерадио хабарларын қабылдауға кететін шығындарын азайтып, отандық контенттің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. 🔹 Субсидиялау мерзімі – 3 жылдан аспайды. 🔹 Жыл сайын 50 мыңнан аспайтын спутниктік қабылдау құрылғысын сату субсидияланады. 🔍 Процестің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында министрлік жанынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды. 📄 Субсидиялауды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 қарашадағы №551-НҚ бұйрығымен бекітілген. Қосымша ақпаратты жергілікті уәкілетті органдардан немесе министрліктің ресми сайтынан алуға болады. ИНАЙОВ Иса Салинұлы, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы