ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Қолөнер үйірмесі – шығармашылыққа жол ашатын өнер бастауы

Әлеумет
Қолөнер – халқымыздың бай мұрасы, шығармашылық пен шеберліктің ғажайып үйлесімі. "Өнерліге өріс кең" дегендей, қолөнер үйірмесі балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұқыптылық пен еңбекқорлыққа үйретеді. Әрбір жасаған бұйым, шын мәнінде, баланың өзіне деген сенімін арттырып, еңбек нәтижесінің қуанышын сыйлайды.
Қолөнер үйірмесі балалардың қол моторикасын дамытып, эстетикалық талғамды қалыптастырады. "Еңбек түбі – береке" деген нақыл сөз арқылы балалар өз еңбектерінің жемісін көріп, шыдамдылық пен зейінге үйренеді. Қолөнермен айналыса отырып, балалар табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Қолөнерде әртүрлі техника қолданылады: оригами, квиллинг, макраме, киіз басу, тоқыма, бисермен және моншақпен жұмыс жасау. "Жақсы істің басы – жартысы" деп айтсақ, балалардың бірегей бұйымдар жасауы олардың шығармашылық ойлау қабілетін шыңдайды.
Балаларды қолөнерге үйрету кезеңдері бес бөлімнен тұрады.
1. Теориялық бөлім: Қолөнер тарихы мен техникасын үйрену.
2. Практикалық жұмыс: Өз қолымен бұйым жасау.
3. Жобалық жұмыс: Шығармашылық жұмыстарды жүзеге асыру.
4. Көрме және шеберлік сыныптары: Үйренген дағдыларды таныстыру.
Қолөнер – бұл тек өнер ғана емес, баланың өмірге деген жаңа көзқарасын қалыптастыратын алаң. "Өнерлі бала – елдің болашағы" деген сөзді ұстанып, қолөнер үйірмесі балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, болашақта әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттырады.

МЫРЗАЕВА Айгүл«Қазақстан» ЖББМ «Қолөнер» үйірме жетекшісі
Made on
Tilda