ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АРМАН ҚАРСЫБАЕВ ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАП ШЫҚТЫ

Әлеумет
1992 жылы БҰҰ Бас Ас-самблеясы шешімімен 3 жел-тоқсан – Халықаралық мүге-дектер күні болып белгіленді. Ал, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі ерекше жандар кү-нін жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Атаулы күнге орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев қамкөңіл балаларды құттық-тап шықты.
–Тағдырдың жазуына мойымай, жасымай әрқашан өмірге деген құштарлық-тарыңыз артсын. Мүмкіндігі шектеулі ерекше жан болса да еліміздің дамуына үлес қо-сып, мәдени, спорттық және тағы да басқа көптеген салада үздік болып жүрген жандар көп. Біз сіздерге әрқашан қол-дау көрсетуге дайынбыз. Та-ғы да мерекелеріңіз құтты болсын! - деп құттықтаған Арман Романұлы қамкөңіл балалардың көңілін көтеру үшін арнайы сыйлық пен тәтті себеттерін тапсырды.
Шардара ауданы бойын-ша 3226 мүмкіндігі шектеулі ерекше жандар тіркелген. Оның ішінде 480 мүмкіндігі шектеулі ерекше бала бар.
Есептегі барлық жандарға мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілуде.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda