Бүкіл әлемді сілкіндірген «Желтоқсан оқиғасы» жайлы арада қырық жылға жуық уақыт өтсе де шындықты ішінде бүгіп сақтап, сыртқа шығармай жүрген жандар әлі де арамызда бар. Оның зардабын тартып, жазықсыз қылмыскер атанып, оқудан шығарылып, күні кешеге дейін ақтала алмай талай есікті қаққан азаматтарымыз да болды. Дегенмен барлық нәрсенің өз бағасын алатын уақыты келеді. Бұл күнде сол желтоқсаншыларымызды қазақ халқының рухын көтерген азаматтар ретінде ұлықтап, ерліктерін жас ұрпаққа үлгі етіп отырмыз.
Сол рухы биік жастар арасында қазіргі таңда «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаз Сатқынбаева Феруза да болды. Ол «Восход» (қазіргі Қоссейіт) ауылындағы орта мектептің орыс сыныбын бітіргеннен кейін арман қуып Алматыға аттанып, Алматы техникалық техникумына құжат тапсырады. Директормен әңгімелесу кезінде қалайда оқуға түсуі керектігін айтады. «Неге?» деген сұрағына да «Ауылда жалғыз нан заводы бар. Бірақ маман жоқ. Сондықтан маман болып заводтың жұмысын көтеруім керек» дейді.
Директордың тапсырмасымен білімі тексеріліп, оқуға қабылданады. Оның өжеттігін байқаған группаластары «староста» етіп сайлайды. Техникумда түгелдей орыс пен орыс тілділер, бір ғана кәсіподақ ұйымының төрағасы мен комсорг қыз ғана қазақша сөйлейтін. Техникум ұжымындағы ұлтшылдықты сол күннен бастап байқады. Қазақ қызының «староста» болғаны кейбір мұғалімдерге ұнамай, қазақ балаларына қанша дайындықпен келсе де төмен, дайындықсыз келген орыс ұлтының балаларына жоғары баға қойылып отырған. Дегенмен, біліміне сенген Феруза бар қиындықты еңсеріп, техникумды қызыл дипломмен бітіріп шығады.
Желтоқсан оқиғасы туралы Феруза:
– Мен 15 желтоқсан күні өзіме тиесілі жұмыстарымды бітіріп жатақханаға келсем ер балалар жиналып алаңға кеткелі жатыр екен. Техникумымыз Қаскелең ауданына қарасты Қарғалы елдімекенінде болатын. Автобустарды тоқтатып тастаған. Алаңға дейін біраз жер болса да жігіттер жаяу баруға бекінген. Бірақ, қазақтың бас киімді аттап өтпейтінін білетін техникум басшысы қалпағын жерге тастап, жолдарын бөгеді. Содан соң таудағы соқпақ жолмен кеткен балаларды алаңға жеткенде екі автобус жасақтар ұстап алып, бір жерге алып барып, қораға қамайды. Ертеңіне түнімен аяғынан сыз өтіп, тоңған студенттерді техникумның акт залына алып келіп, сұрақ-жауап алды.
Қанша қинап, зорлық көрсетсе де рухтарын түсірмей «Бүгін шығамыз алаңға. Болмаса ертең. Біз дауысымыз билікке жеткенше шыға береміз. Қазақ елін қазақ басқаруы керек» деген сөздерінен танбады.
Дегенмен менің группамдағы он бір студентке айтып тағылып, соларға көмектесемін деп қанша кешірім хат жазып, бір апта жыладым, – дейді.
Кейін ауылға келгенде жинаған қағаздарын, түсінік пен кешірім сұраған қағаздарын әкесіне көрсеткенде «Қызым, сендер бір тарихты өзгерттіңдер. Бірақ, ол қазір біразға дейін айтылмайды. Қазір дауыстап айта алмайсыңдар. Бірақ келешекте айқайлап айтатын боласыңдар. Тарихта есте қаласыңдар. Үлкендер істей алмаған ерлікті істедіңдер» деп рухын жоғары көтеріпті.
Міне, одан бері де 38 жыл зымырап өте шығыпты. Техникумды үздік бітіргенімен ауылға келген соң тұрмысқа шықты, балалы болды, солай жүргенде өзі жұмыс істесем деген нан заводы да тарқап кетті. Ауылда жұмыс орны бар мектеп пен аурухана ғана қалды. Сондықтан мұғалімдік мамандық алып, шәкірттерге білім беруге тура келіпті. Бұл күнде жоғары білімді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жоғары санатты педагог-зерттеуші. “Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл”, “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төсбелгісі мен “Күміс алқа” алқасының иегері. Үш қыз, үш ұл тәрбиелеген ана, оннан астам немеренің әжесі. Бақытты отбасының отанасы.
Бірақ, курстастарымен хабарласып сол бір күндер жайлы әңгімелескенде, сарғайған сары қағаздарды көргенде, Әбиірбек Тінәлінің «Желтоқсан желі» мен Лесбек Амановтың «Қара бауыр қасқалдақ» әнін есітігенде көңілінің сәл құлазитыны бар.
Желтоқсан оқиғасының шапағатымен келген Тәуелсіздік күні мерекесінде ардагер ұстаз Феруза Мырзаханқызына шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мол жетістіктер тілейміз.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ