Құрметті жерлестер!
Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жылы ұлт ұясы Ұлытау жерінде өткен құрылтайда: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Қазанның 25 күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз қажет» деп Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын.
Президентіміздің бұл саяси шешімі егемендікке арқау болған декларацияны қабылдау туралы тарихи құжаттың салмағын еселеп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсті.
Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Еліміздің кемелдену жолында бірлікті ту етіп, адал еңбектің құндылығын биік қоятын шардаралықтар ұлық мерекенің ұлағатын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау тізгінін жалғастырады деп сенеміз.
Қадірлі ағайын!
Тарихи мән-маңызы зор, тәуелсіз еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік, бақдәулет, ырыс-несібе әкел-сін!
Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, зор жетістіктер тілейміз!