ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ЖАСТАР ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Әлеумет
Жастар қашанда болашақ үшін күресу жолында өздері туып-өскен Қазақстан мемлекетінің өткені мен тарихын ұмытпауы керек. Тәуелсіздікті алып берген кешегі тарих беттеріндегі зұлмат күндерді басынан кешкен батырларымыз бен қайсар рухты ана-апаларымызды еске алмай күн кешу мүмкін емес. Еске алу демекші, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбан-дарын еске алу күніне орай, Түркістанда ғалымдар, алаш-танушылар және зиялы қау-ым өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу алдын-да облыс әкімінің орынба-сары Бейсенбай Тәжібаев қонақтарды қабылдады. Ол өз сөзінде өңір басшысының сәлемін жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстардың әрі қарай да жалғасатынын атап өтіп, үлкен аудиторияда модератор болды.
Алдымен сөз алған жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай баяндама жасады. Алаш қайраткерлері туралы ой қозғап, жастардың жігерін жаныды. Жастарға рухани күш-жігер беріп, оларға қа-нат бітірді. «Нәзір Төреқұлов» атындағы қайырымдылық қорының президенті, Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі Жаппар Жұман тұңғыш дипломат жайлы кеңінен баяндады.
Астанадан келген ғалымдардан соң, филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек сөз алып, нәубет жылдары төңірегінде тың ақпаратпен бөлісіп, жақында шыққан кітабын таныстырды. Ал Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Айтай көрші өзбек елінде жасалған зерттеуі барысын баяндады. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Динашова архивтен табылған деректерді мысалға келтіре отырып, бұл қадамдардың жай есеп үшін емес, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқанын атап өтті. Содан соң Түркістан облысының қоғамдық-саяси тари-хының мемлекеттік архивінің басшысы Гүлнара Шардарбекова сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.
«Оқушылар сарайы» ғи-маратында өткен кездесуге өңір жастары, түрлі сала өкілдері және облыстық Сая-си қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелері қатысты. Кездесу со-ңында қатысушылар түрлі сұрақ қойып, мардымды жауап алды. Облыс әкімінің орынбасары айтылған ұсы-ныс-пікірлер мен көтерілген мәселелер назарға алынатынын жеткізе келе келген қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

Айгерім БЕРДАЛЫ – аудандық «Жастар ресурстық орталығының» психологы
Made on
Tilda