Қоғамның қозғаушы күші – қарапайым еңбек адамы. Ел ішіндегі тыныштық пен тұрмыстық жайлылық бірқатар азаматтардың күнделікті маңдай терімен келеді. Осындай елге еңбегімен көптің алғысына бөленіп жүрген азамат – Мұхит Дүйсенбекұлы.
Мұхит ағамыз 1990 жылдардан бері теледидар жөндеу ісімен айналысып келеді. Уақыт өте келе елімізде «Отау ТВ» спутниктік жүйесі қолданысқа енгенде, ол жаңа технологияны алғаш меңгерген азаматтардың бірі болды. Бұл қызметті ауыл тұрғындарына қолжетімді етіп ұсынып, әр үйге сапалы телехабар тарату жүйесін орнатып беріп жүр. Сұраныстың артуымен қатар, ол енді салқындатқыш құрылғыларын да орнатып, елдің тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуда.
Мұхит Дүйсенбекұлы – нағыз еңбектің адамы. Ауыл тұрғындары оның еңбегіне дән риза. Әрбір тапсырысты уақытында, сапалы орындауға тырысады. Ол тек техникалық қызмет көрсетіп қана қоймай, халықтың сенімін де ақтап келеді.
– Кез келген істің өз қиындығы болады. Қауіпсіздік талаптарын сақтамасаң, өзіңе де, өзгеге де зиян келуі мүмкін. Сондықтан жұмысыма аса жауапкершілікпен қараймын, – дейді Мұхит аға.
Ол 1996 жылы Балжан есімді арумен отбасын құрып, бүгінде жеті баланың – үш қыз бен төрт ұлдың әкесі. Үлкен отбасының отағасы ретінде де үлгі боларлық азамат. Еңбектің қадірін бала кезден саналарына сіңіріп өсірген балаларының ішінде үлкен ұлы Асқар мен екінші ұлы Дінмұхаммед әкесінің жолын қуып, осы кәсіпті меңгеріп, бірге еңбек етіп жүр.
Мұхит Дүйсенбекұлы – ауыл-аймақтағы қарапайым техник маманы ғана емес, ел еңбегін ескерген, қолынан іс келетін, ұрпағына өнеге бола білген азамат.
Өз кәсібін жетік меңгеріп халықтың алғысына бөленген Мұхит ағамызға зор денсаулық, берекелі өмір мен табысты еңбек тілейміз.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ.