Он мың метр биіктік, қозғалтқыштардың үйреншікті гуілі, кітап парақтарының сыбдыры мен жолаушылардың бәсең әңгімесі. Барлығы қалыпты, күнделікті көрініс сияқты. Бірақ осы иллюзиялық тұрақтылықты бір сәтте драмалық түйінге айналдыратын күтпеген оқиға бұзды. Дәл осы жағдай Қызылорда — Астана рейсінде орын алды: жолаушылардың бірінің жүрегі кенеттен тоқтап қалды.
Қауіпті дабыл қатты естілмесе де, құлаққа түрпідей тиді: ер адам кеудесінде қатты ауырсынуды сезініп, бұл сезім күшейе келе аса қауіпті жағдай — жүрек тоқтауына соқты. Аспанда, әр минут қымбат, әр қателік ауыр үкімге пара-пар болғанда, не істеу керек?
Экипаж жолаушылардан араларында дәрігер бар ма деп сұрады. Жауап таңқаларлық болды. Орындығынан тәжірибелі, көпжылдық тәжірибесі бар дәрігер емес, Астана медициналық университетінде (АМУ) интернатурадан өтіп жүрген студент, Бектұрған Дінмұхаммед (Instagram: @doctorbekturganov) көтерілді. Сәл ғана кешіктірудің өліммен тең екендігін бірден түсінген ол бір секундты да жоғалтпай, жүрек-өкпе реанимациясын жасады – бұл оқу аудиторияларында жаттықтыратын, алайда шын мәнінде елестету мүмкін емес стресспен өтетін әдіс. Бірақ бұл жерде қобалжу мен күмәндануға уақыт болған жоқ. Таразының бір басында біреудің өмірі тұрғанын терең түсінген Дінмұхаммед салқынқандылықпен әрі өте ширақ әрекет етті. Ер адамның жүрегі қайта соғып, тәжірибелі әрі батыл қолдардың ырғағына бағынғандай болды – ол өмірге қайта оралды. Қонғанға дейін қалған бір сағат қобалжумен өткенмен жаңа қиындықтар бола қойған жоқ. Жерге қонғанда Дінмұхаммедті экипаждан артық құрметпен қарсы алды.
Батыл әрекеті үшін Дінмұхаммедке Денсаулық сақтау министрлігі, университет, «Аманат» партиясының өкілдері және ұшақ командирі алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, оған ризашылық белгісі ретінде тегін ұшақ билеттері табысталды.
Ең маңыздысы – Дінмұхаммед өзін даңқ пен қошаметке елігіп кетуден аулақ ұстады. Оның бұл әрекеті атақ үшін, назарға іліну үшін жасалған жоқ. Бұл кез келген медициналық анықтамалықтың алғашқы беттерінде жазылған қарапайым қағидалар – адамгершілік пен жауапкершіліктің берік ұстанымы еді.
Университет Дінмұхаммедті өз қатарластары үшін мақтаныш әрі үлгі тұтты. Қызылорда облысының әкімі де алғысын білдіріп, оның оқуының төлеміне қатысты қолдау көрсетуге уәде берді. Интерннің ата-анасы да бұл оқиғаның ауқымын толық түсініп үлгермеген болуы мүмкін: олардың ұлдары біреудің өмірін құтқарып қалғанымен қоймай бұл ерлікті мүмкін емес болып көрінетін жағдайда – аспанда жүзеге асырды ғой!
Бұл оқиға батырлықтың көбінесе қарапайым әрі көзге көрінбейтін бейнеде болатынын еске салады. Ол күнделікті өмірдің ағынында байқалмағанымен, өзгелер абдырап қалғанда, сана-сезімнің айқындығын сақтай біліп, бар білімі мен тәжірибесінен көрініс табады. Бұл – тек құтқару туралы емес, сонымен бірге осы білім, тәжірибе және табандылықтың кез келген трагедия алдында мызғымас қалқанға айналатындығы туралы әңгіме.
Бұл жерде батырлық – даңқ пен марапатты іздеуде емес, шешуші бір сәтте көрінбейтін емтиханнан өте білуде. Бұл емтиханға дайындалуға мүмкіндік жоқ, шпаргалка мен үйреншікті жайлылық та жоқ – мұнда комиссияның орнында өмірдің өзі тұр, ал оның тағдыры жіңішке ғана жіпке байлаулы. Осындай сәттерде сен не белсене әрекет етесің, не мәңгілік өз әрекетсіздігің үшін өкініштің тұтқынында қаласың.
Бектұрған Дінмұхаммед өзін батыр санамайтын шығар. Ол тек өзіне үйреткенді істеді. Бірақ сонау бұлттардың үстінде жүрегі қайта соға бастаған адам үшін жас шипагер үміт пен құтқарудың шынайы бейнесіне айналғаны рас.