Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын корғау жөніндегі комиссия төрағасы, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Б.Шомпиевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
Мәжіліске аудандық білім, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жауапты қызметкерлері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторына жүктелген міндеттері және аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Комиссия мүшелері атқарылған жұмыстарды саралап, ағымдағы жылдағы жұмыс жоспарларын пысықтады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі