ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АУДАН БАСШЫСЫ КӘСІПОДАҚТЫҢ БЕЛСЕНДІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Әлеумет
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев, “Қызмет” Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық ұйымы филиалының төрайымы Бақытгүл Биманова 8 наурыз – Халық-аралық әйелдер күніне орай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандыларды марапаттады.
Кәсіподақ белсенділеріне аудан басшысы облыстық кәсіподақ комитетінің "Еңбек озаты" төс-белгісі, алғыс хаттары мен гүл шоқтарын тапсырды.
«Жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, қарындастарымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы және қосып жатқандығы ақиқат. Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өр-кендей беруін тілеймін. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!»- деді Арман Романұлы.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda