ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АРМАН ҚАРСЫБАЕВ: «АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА»

Әлеумет
Шардара ауданын таза жерасты ауыз суымен қамту мақсатында аудан орталығынан 40 шақырымға жуық қашықтықтағы «Тама-Тастанбек» жерасты су қоры учаскелеріндегі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілу-де. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен бірге ны-сандардың басына барды. Мердігер мекеме «Алтын констракшн» ЖШС-і құрылыс жұмыстарының қарқынын арттырған. Бүгінгі таңда 4 шақырымға жуық қашықтыққа ауыз су құбырлары тартылған.
Жоба бойынша екі жыл уақытқа созылатын жұмыстардан соң Шардара қаласы мен оған іргелес жатқан 22 елді мекен-дерді ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.
Айта кетсек, ауыз су тарту құрылыс жұмыстары аудан әкімі Арман Романұлының бақылауында.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda