Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына байланысты Қызылқұм тыңын игеруге қатысқан ардагерлер жайлы материалдар тұрақты түрде жарық көріп келеді. Біз осы орайда еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары өнімді еңбек етіп, ауданымыздың көркейіп-гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтар жайлы да айтып өткенді жөн көрдік. Үндемей жүріп-ақ үлкен істердің орындалуына ұйытқы болған азаматтың бірі Бауыржан Төлегенов. Ол «Қоссейіт» ұжымдық кәсіпорнында бас бухгалтердің орынбасары, Шардара аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас бухгалтері, аудандық экономика бөлімінің бастығы, ОҚО энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маман-инспекторы, «Конкурс» ЖШС-інің қаржылық директоры секілді бірнеше қызметтерді атқарды. Жуырда Бауыржан Тұрысбекұлымен жолығып, әкімдік құрылым өмірге келгеннен кейінгі жылдардағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы әңгіме құрған едік. Төменде білікті маманмен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
–Бауыржан Тұрысбекұлы, сізді шардаралықтар қаржы-экономика саласының білікті маманы ретінде жақсы таниды. Алайда, соңғы бірер жылда көрінбей кеттіңіз. Әңгімемізді сіз қазір қайда жүрсіз, немен шүғылданып жүрсіз деген сауалдармен бастасақ...
–Рахмет. 2018 жылдан бері Қоссейіт ауылындамын. Жеке шаруа қожалығымды жүргіздім. 2023 жылдан бері «Қазсушар» мекемесінің Шардара өндірістік бөлімшесінде оператор-бағдарламашы болып еңбек етемін. Бұған қосымша тұрғындар ауыл биі етіп сайлаған соң қоғамдық негізде атқаратын тағы бір жұмысым бар. Елге қажет шаруаларды ауыл әкімімен бірлесіп, ақылдасып жүзеге асуына ықпал жасап келе жатқан жайымыз бар.
–Біз сізбен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жұмыстарды еске түсірсек. Бірнеше кеңшар, бөлім басшыларымен, аудан әкімдерімен қызметтес бола жүріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына Сіз де біркісідей атсалыстыңыз. Диплом иеленгеннен кейінгі алғашқы еңбек жолдарыңыз қалай басталды?
–Иә, Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай еңбек ардагерлері сонау тың игеру жұмыстары қайнап жатқан жалынды жастық шақтарынан естеліктер айтып жатыр. Құмын жел суырған құладүз даланы осындай ғажайып мекенге айналдыра білген аға-апаларымызға қандай мақтау айтсақ та жарасады. Аға буын өкілдерінің салып кеткен сара жолын кейінгі толқын лайықты жалғастырып келе жатыр. Сол сияқты, мен де туған жерімді түлетуге бойдағы білімімді жұмсап, шамамның келгенінше үлесімді қосқан болсам – ол мен үшін де зор қуаныш. Мен алғашқы еңбек жолымды жоғары оқу орнын бітірмей жатып бастадым. «Восход» орта мектебін үздіктер қатарында бітіргеніммен, екі жыл қатарынан «Шардара» кеңшарына қарайтын мал фермасында жұмысшы болып істедім. Қаракөл қойын өсірумен шұғылданып, ферма меңгерушісі болып еңбек еткен әкем Тұрысбек Төлегеновтің қасында жұмыс істей жүріп, мол тәжірибе жинақтадым. Содан кейін барып Алматыдағы Қазақтың «Еңбек Қызыл ту» орденді ауылшаруашылығы институтына оқуға түсіп, бухгалтер-экономист мамандығын иеленіп келдім. Қарашаңырақ саналатын ол білім ордасында жақсы оқыдым десем болады. Топтың старостасы болдым. Жыл сайын студенттерді ауылшаруашылық өнімдерін жинауға түгелдей босататын еді. Алматы маңындағы шаруашылықтардан көкөніс түрлерін, Талдықорған облысында жүгері өнімдерін жинап алуға бір-екі айға кететін едік. Жиын-терім науқаны кезінде студенттер отрядына бригадир етіп мені бекітетін. Өзімізге жүктелген межені орындауға құрбы-құрдастарды жұмылдырып, алдыңғы орынды бермеген кездер естен шықпайды. Институт басшылығы ата-анамызға «Алғыс хаттар» жіберіп отырды. Оқу бітіретін жылы Жезқазғандағы «Қазақмыс» кәсіпорнына іс-тәжірибеден өтуге жазылып қойып едім, 1991 жылы Одақ тарқағасын мұның бәрі тоқтап қалды. Содан ауылымызға қайтып келдік. Диплом алғаннан кейінгі алғашқы жұмысым Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігіне қарайтын «Совхозтехникумда» (қазіргі «Агроколледж») басталды. Техникумның директоры Социалистік Еңбек Ері Боранбек Шүкірбеков ағамыз еді. Студенттерге экономика пәнінен дәріс бердім. Кеңес үкіметі тарқаған қиын кездер болатын. Айлық бірде бар, бірде жоқ. Екі жыл оқытушылық қызмет атқарып, 1993 жылы «Восход» ұжымдық кәсіпорнының бір бөлімшесіне бухгалтер болып жұмыс ауыстырдым. Кеңшар директоры Шерқуат Жайлауов, бас бухгалтер Майра Шитенова болатын. Бухгалтер болып бұрын жұмыс істемегендіктен басында қиналдым. Басқалардан үйренейін десем ешқайсысы үйрете қоймады. Содан, жұмыстан қалып жүріп үйрендім. 5-6 айдан кейін кеңшардың есеп-айырысу жөніндегі аға бухгалтерінің орны босап, сол қызметке ауыстым. Есеп-айырысу бухгалтері кеңшардағы 6 бөлімшенің есептерін орталыққа жинақтап, ауданға тапсырады. Кеңседе кешке дейін отырып, бұрынғы папкаларды ақтарамын, есеп-қысаптарды тексеремін, сөйтіп жүріп бұл қызметтің қыр-сырын меңгеріп алдым. Жыл соңына қарай Сейдахмет деген бас бухгалтердің орынбасары көрші кеңшарға бас есепші болып ауысып кетті. Ойламаған жерден кетіп қалған соң Майра әпкеміз басын ұстап отырып қалды. Себебі, ауданға жылдық есепті өткізуіміз қажет. Мені шақырып алып, «Орынбасарлықты алып кете аласың ба?» деді. «Сеніп тапсырсаңыз, істеймін» дедім. «Онда қабылдап ал да, дереу іске кіріс. Біздің ауыл бірінші болып ауданға жылдық есепті тапсырып жүрген ауыл. Байқа, ұятқа қалдырма» деді.
Бірінші рет бас бухгалтердің орынбасары қызметіне тағайындалып, әрі бірінші рет ауданға жылдық есепті өткізу керек болған соң мен де жүрексіндім. Ары-бері ойланып, Майра әпкемізге қайта келдім. «Мен бірінші рет жылдық есеп тапсырайын деп жатырмын. Уақыт келіп қалды. Сондықтан барлық есепшілер жұмыстан кейін екі-үш сағат қосымша жұмыс істемесек болмайды» дедім. Ол кісі менің ұсынысымды қабыл алып, солай тапсырма берді. Ал, содан бәріміз кешке үйге барып, ас-суымызды ішіп болған соң қайтадан кеңсеге жиналамыз. Есеп-қисаптарды қайта пысықтап, жөндеп, кем-кетігін түзеп, бір ретке келтірдік.
Содан ауданға барып, ауылшаруашылығы басқармасының бас бухгалтері Төребек ағамызға ойдағыдай тапсырып шықтым. Бәрі дұрыс болып, міндетімді абыроймен атқарып шыққанға Майра әпкем таң қалды, әрі жүрегі жарыла қуанып жатыр. «Калькулятор да ұра алмайтын бала еді, бір пәсте қалай меңгеріп алған» деп басында мені баласынған әріптестерім де аң-таң болды.
1996 жылы барлық кеңшарлар тарап кетті. Мен бір жылдай ауылдағы «Алғабас» өндірістік кооперативінде бас бухгалтер болып жұмыс істедім. 1997 жылы аудан әкімінің орынбасары әрі аудандық ауылшаруашылығы басқармасыының бастығы Исамуддин Рыспаев өзіне шақырып алды. «Бауыржан, сенің өмірбаяныңмен танысып отырмын. Жұмысыңа көңілім толып отыр. Біздегі бас бухгалтер Төребек ағаң басқа жұмысқа ауысып жатыр, сен соның орнына қызметке кел» деді. Үлкен кісі үлкен қызметке кел деп тұрса қалай жоқ деймін. Қуана келістім. Ол кезде қазіргідей конкурстан өту деген мың-сан машақат жоқ. Түстен кейін-ақ бұйрық шығарып, аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас бухгалтері қызметіне тағайындалдым.
–Кеңшарлар тарап, мекемелер жұмысын тоқтатып жатқан қиын кезеңдер қалай өткенін жақсы білеміз. Сол тығырықтардан аудан қалай жол тауып шығып отырды?
–Иә, шаруашылықтың бәрі тарап кетті. Әлі есімде, аудан бойынша 103 өндірістік кооператив, 2 акционерлік қоғам, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар еді. Осылардың барлығының есебін алып, облыстық ауылшаруашылығы басқармасына тапсырып отырамын. Енді қараңыз, кеңшарлар жұмыс істеп тұрған кезде шаруаға керекті заттың барлығын аудандағы мекемелерден алып тұратын еді ғой. Кеңшар тарағанмен сол мекемелерден алған қарыздар сол күйі қалып кетті. Көп ұзамай олар аудандық ауылшаруашылығы басқармасынан өздерінің тиісті қарыздарын сұрай бастады. Мәселен, «Қызылқұм» су шаруашылығы басқармасы ағын суға қарызын сұраса, «Мұнайбаза» мекемесі жанар-жағар майдың қарызын сұрайды. «Сельхозхимия» мекемесі тыңайтқыштарға төленетін қарызын, тағы бір мекеме қосалқы бөлшектердің ақшасын сұрайды. Оны төлейтін баяғы кеңшар жоқ. Не істеуіміз керек? Белшеден батқан қарызды кім төлейді? Өте бір күрмеуі қиын, шешілмейтін мәселелердің саны жүдә көп. Сөйтіп жүргенде 1998 жылы ақпан айында «Ауылшаруашылығы саласын қаржылық сауықтыру» туралы ел Үкіметі арнайы қаулы шығарды. Артынша «ҚР банкроттық туралы» заң қабылданды. Енді еліміздегі барлық аудандар осы реформаны жүзеге асыру керек. Облыс әкімінің аудан әкімдеріне қоятын басты талабы да осы реформа болды.
Мен Зәуірбек Салықбаев әкім кезінде жұмысқа қабылдандым. Ол кісі аз уақыт қызмет атқарған соң орнына Кенжехан Төлебаев келді. Ауылшаруашылығы саласындағы реформаны қалай жүргізіп жатырсыңдар деп күнде сұрайды. Әкімнің алдында Исамуддин Рыспаев бастаған екі-үш маман отырамыз. Реформа дегеніміз күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыптың біріне айналды. Бірде әкімнің алдынан шыққан соң Исекеңе барлық мамандарды облыс орталығына апарып оқытайық дедім. Оның ішінде өзім де барып, банкроттық туралы заңды терең меңгеріп біліп алуым керек дедім. Исекең келіскен соң тура солай жасадық. Бір ай оқып, көп нәрсені үйреніп, меңгеріп келдік. Содан келген соң қала мен ауылдарды бірме-бір аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ол үшін арнайы штаб құрып, кестесін түзіп алдық. Ауылдардағы шаруаларға түсіндіреміз, ауыл әкімдеріне, мамандарына да үйретеміз. Аптасына екі-үш реттен шығып, шаруалармен кездесіп отырдық. «Бұл банкроттық туралы заң ең алдымен өздеріңізге пайдалы. Қолдағы техника, ғимараттарды ертең қарызы бар мекеме тартып алмау үшін өздеріңіз алып қалуларыңыз керек» деп бүге-шігесіне дейін ұғындырумен болдық.
Сөйтіп жүргенде бір күні басыма идея келді. Исамуддин Рыспаевтың алдына кіріп: «Исеке, - дедім. – Мына қарыздан құтылудың тағы бір жолы бар. Біздерде айналымнан шыққан жер көп. Ол жерлер кооперативтің мойнында тұр. Ертең сол жерлер шаруа қожалығына бөлінген жағдайда да бәрібір пайдаланылмайды. Сол жерді ауданның жер қорына қайтарып алайық та, қарыздың есебінен баяғы мекемелерге берейік» дедім. «Ойың дұрыс екен» деген Исамуддин ағамыз мені ертіп алып тіке әкімнің алдына кіргізді.
–Кенжеке, мына бала бір жақсы бастаманы айтып отыр. Бізде түрлі себептермен қолданыстан шығып қалған бос жатқан егістік алқаптар бар. Сол жерлерді ауданның жер қорына алып, күнде қарыздарын сұрап жүрген мекеме болсын, мақта зауыттар болсын, ақшасының құнына есептеп соларға өткізсек дұрыс болады деп отырмыз, – деді Исекең.
«Дұрыс идея екен, енді заңдылығын көрейік» деп, жер комитетінің бастығы Абылай Махановты шақырып алды. Әбекең де бұл ұсынысты қолдай кетті. Осылайша пайдаға аспай жатқан жерлерді түгелдей ауданның жер қорына қайтарып алдық. Содан соң манағы қарыз мекемелерге өз құны бойынша кооперативтердің қарыз ақшасына есептеп жер бердік. Егер де пайдаланбай жатса ол жерді аудан өзіне қайтарып алатын болды. Сөйтіп қарызды түгел жауып шықтық. Мысалы, бір ғана Қоссейіт ауылынан 180 гектар арнайы жер қорына алынғанын анық білемін. Жермен құтыла алмаған кооперативтерді банкроттыққа жібердік. Шаруа да, мамандар да үкіметтің Қаулысын жете түсінбеген, сондай бір аласапыран кез еді. Кооперативтердің қарызы банкроттықпен жабылды. Бірінші кезекте кооперативтің мүлкін айлық жалақы есебінен шаруаларға бергіздік. Одан артылса салыққа төледік. Бәрін заңды түрде жүргізіп отырдық. Сот шешім шығарады, біз банкротқа жібереміз. Бұл шешімге мақта зауыттар да ештеңе істей алмады. 2000-шы жылдарға таман бұл жұмыстар толықтай аяқталды. Біздің ауданда осы реформа өте сәтті шықты деп аудан басшылары жоғары баға берді. Әлі күнге дейін ауылдағы шаруалар «Бауке, сол кезде ежіктеп тұрып түсіндіріп бергеніңіз естен шықпайды» деп айтып жатады. Менің өмірімдегі бір атап өтетін үлкен еңбегім – осы реформаның сәтті аяқталуына қосқан үлесім деп айтқан болар едім.
–Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасаған азаматтың бірі өзіңіз деп білеміз. Ел игілігі үшін жасалған құнды құжатты сол кездердегі аудан әкімі Абдулла Ахметовтің жиындарда айтып отыратынын ұмытқан жоқпыз. «Біз ауданның даму бағдарламасын жасадық, сол бойынша жұмыс жүргіземіз. Ол жергілікті басылымда жарық көрді. Сіздер қолдарыңызға қарындаш алып, бағдарламада айтылған міндеттердің орындалуын қадағалап отырсаңыздар болады» дейтін еді аудан әкімі.
–Ауданның даму бағдарламасының жобасын 2003 жылдары бастадық. 1998 жылдан бастап аудандық кәсіпкерлік бөлімінде, одан аудандық экономика бөлімінде бас маман болып жұмыс істедім. 2001 жылы сол кездегі аудан әкімі Байділдә Жылқышиевтің бұйрығымен аудандық экономика бөлімінің бастығы лауазымына бекітілдім. Байекеңнен кейін Әуелхан Тұрғымбеков азғантай ғана мерзімде аудан әкімі болды. Әуекең басшылық қызмет атқарған жылдары қала мен ауылдарда тау болып үйіліп жатқан қоқыстарды тазалауды қолға алды. Кейін Әлішер Есіркепов басшылыққа келді. 2003 жылы облыс әкімінің орынбасары Светлана Бурлаченко әр ауданда семинар ұйымдастыруға тапсырма берді. Сол кезде аудандар болашақта не істеу керек, соның егжей-тегжейлі жоспарын жасап, семинарда талқылайтын болды. Алғашқы басқосу Созақ ауданында өтті. Ол аудан уранның арқасында шалқып өмір сүріп отырған аудан ғой. Семинарда анау айтқандай жоспарын көрсете алмады, себебі оларда барлығы жеткілікті болатын. Келесі семинарды Шардара ауданында өткізуге тапсырма берді. С.Бурлаченконың тапсырмасын аудан әкіміне айтып келдім. Сонымен Әлекеңмен ақылдасып, ауданды дамыту, соның ішінде туризм, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту туралы жоспарларды түздік. Жаз айының жақсы бір күнінде «Алтын жағажайда» облыстық семинар өтті. Светлана Бурлаченко жоғары баға беріп кетті. Облыста сол кезде әр тоқсан сайын аудандардың көрсеткіші рейтинг бойынша қорытындыланатын. Біздің аудан төмендегі үштіктен еш аса алмай жүрді. 2004 жылдың қаңтар айында өтетін қорытынды есепке барынша дайындалып, статистикалық көрсеткіштерді ретке келтірдік. Біздің аудан соңғы орыннан ортаға дейін жылжып, еңсеміз көтеріліп қалды. Облыс әкімі Болат Жылқышиевтің өзі Шардараға оң баға беріп, Әлішер Есіркеповтің жұмысын атап өтіпті. Тіпті жеке қабылдауында су жаңа қызметтік көлік беретін болып уәде берген екен. Сондай бір жақсы көңіл-күймен келе жатып, жүргізушісі Толикке осыларды қуанып айтқанын есіттік. Бірақ, сол күні түнде Әлекең кенеттен дүние салып, үстімізден жай түскендей болды. Жүрегі нәзік, адамгершілігі өте мол азамат еді. Ғұмыры солай қысқа болғанына өкінеміз.
2004 жылы ауданға әкім болып Абдулла Ахметов келді. Әбекең кезінде Мәскеуде ВЛКСМ орталық комитетінде жұмыс істеген, көргені мен түйгені мол, өте сауатты азамат еді. Әкімдік қызметке кіріскен соң көп ұзамай мені шақыртып алды. Ауданды дамыту үшін болашақта не істеу керектігімізді ақылдастық. Бұрынғы жасаған даму бағдарламасын қайтадан толықтырып әзірлеп шықтық. Бағдарламаға Тама Тастанбектің таза суы, газдандыру, дарияның көпірі, емханалар мен мектептер, туризм, кәсіпкерлікті дамыту сияқты өзекті мәселелерді ұңғыл-шұңғылына дейін есептеп, түгел қамтыдық. Абдулла Ахметов өмірлік тәжірибесін, іскерлігін пайдалана отырып, осы бағдарламаның облыста қабылдануына ұйытқы болды. Аудандық құрылыс бөлімінің бастығы Дүйсен Әшірбеков екеуіміз уақытпен санаспай, облыс пен ауданның арасына шапқылаған кездеріміз басталды. Мәселен, Тама Тастанбектің таза суының техникалық-экономикалық негіздемесін жасатуға 89 млн теңге қаржы бөлдірдік. Оған облыс әкімінің орынбасары Ислам Әбішев көп жәрдем берді. Бұл жобаны іске асыру үшін бір ауданға ғана су беру аздық ететін болған соң көрші Арыс ауданындағы Байырқұм, Жиделі, Аққала ауылдарын да таза сумен қамтимыз деп бағдарламаға қостық. Оның құрылысына 3,6 млрд теңге қаржы жұмсалуы тиіс болды. Абдулла ағамыздың абырой-беделінің арқасында осы таза су мен газ мәселесі Парламентке дейін барды. Бірақ ең бір сын сағаттарда депутаттар тайқып кетті де, бұл жобаларға қаржы бөлінбей қалды. Облыста Бәйдібек, Отырар, Шардара аудандарының ғана даму бағдарламасы қабылданды. Кейіннен бізден үйреніп басқа аудандар да даму бағдарламасын жасап еді, облыс әкімі осымен бітті деп тоқтатып тастады. Абдулла Ахметов тағы біраз жыл отырғанда сол даму бағдарламасында көрсетілген жобалар іске асып бастайтын еді. Бірақ Әбекең басқа қызметке ауысып кетті.
–2006-2007 жылдары әкімдік қызмет атқарған Серік Ибадуллаевты тұрғындар Шардараға рухани сілкініс әкелген басшы деп бағалайды.
–Серік ағамыз келгеннен жұмысқа қызу түрде кірісіп кетті ғой. Кадрларды түгелдай ауыстырып, былайша айтқанда реформа жасады. Мен бөлім басшысынан орынбасарлыққа ауысып, кейіннен қайта бөлім басшысы болдым. Ауданды көркейту үшін күнде бір тыңнан бастама көтереді. Мына жерге үш бидің ескерткішін орнатамыз, ана жерде би алаңы, ана жерде сахна болады, мына жерге саябақ түседі, соған тендер жаса деп тапсырма береді. Біздің бөлім тендер жасап өткізеді. Игі тірліктер бірінен кейін бірі жасалып жатты, мен айтпай-ақ, халық жақсы біледі оны. Ол кезде «Жол картасы» деген бағдарлама жоқ. Секеңнің іскерлігінің арқасында қаржы табылып, көптеген нысандар салынды. Қала сол кезде өте қарқынды түрде көркейіп сала берді. Қонақ күтуді, астауға жіліктерді бүтіндей қоюды сол кісіден үйрендік.
Марғұлан Марайыммен біраз жыл қызметтес болдым. «Жол картасының» арқасында мемлекеттен қаржы бөлініп, бұрынғы жобалар бойынша жұмыстар жүзеге аса бастады.
2010 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасына бас маман-инспектор болып қызмет ауыстырдым. Мемлекеттік сатып алу бөлімінде жұмыс істедім. Бастығымыз Серік Ибадуллаев. Барлық аудандағы ауыз су, газдандыру, жарықтандыру, канализация салаларымен түгелдей таныс болдым. Аудандарды аралап, осы салаларға қаржы бөлдіру жұмысымен айналыстым.
Кейіннен «Конкурс» ЖШС-інің қаржылық директоры қызметіне бардым. Бұл мекеменің орталығы Көкшетау қаласында орналасқан. Бастығы Виктор Михайлович Осипов деген өте сауатты, жігерлі, адал кісі еді. Біздің міндетіміз – Шымкент қаласындағы индустриялық аймаққа бөлінген 337 гектар аумаққа инфрақұрылым жүргізу. Яғни, осы аймаққа жарық, жол, су, газ, кәріз жүйелерін тартумен айналыстық. Қаптаған техника, жүз шақты жұмысшы бар серіктестікте 6 жыл қызмет атқардым. 2013 жылы ел президенті Н.Ә.Назарбаев арнайы келіп, индустриалды аймақты аралап көрді. Одан бірер жыл бұрын облысқа келгенде фосфор зауытының жарамсыз халде тұрғанын көріп, неге пайдаланбайсыңдар деп сын айтқан екен. 2013 жылы сол жердің адам танымастай өзгергенін көріп, риза болып кетіпті. Қанша мекемелер, кәсіпорындар салынған сол аймақты іске қосу облыс басшысы А.Мырзахметовтің көреген саясаты еді десем жаңылыспаймын.
–Экономика саласында жұмыс істей жүріп, әттең-ай, мынаны істей алмай қалдым деген өкініш болды ма Сізде?
–Мен осы қызмет атқарған ғұмырымда жүзеге асқан үш шаруаны атап өтер едім. Оның біріншісі – манағы айтқан ауылшаруашылығы саласын сауықтыру реформасын жүзеге асыруға қатыстым. Екіншісі – Абдулла Ахметов, Дүйсен Әшірбековпен бірге ауданның даму бағдарламасын әзірледім. Үшіншісі – өзімнің ауылым Қоссейітке жол салдыруға, екі мектепті күрелі және ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы бөлдіргенім. Естеріңізде болса 2000-шы жылдардан кейін Қоссейіт ауылына кіретін басты жолдың ахуалы өте мүшкіл болды. Аудан әкімі Абдулла Ахметовке осы жолды жөндеуге қаржы бөлуін сұрап едім, «қолыңда тұр ғой, ақша тап та жөндете бер» деді. Содан облыс әкімінің орынбасары Ислам Әбішевтен жәрдем сұрадым. Екі шақырым келетін жолды жөндеуге 9 млн теңге қаражат кетеді. Бірақ ол жол картада асфальт жол емес, егесі жоқ көше болып кірген екен. Ал, ондай «безхозный» көшеге ақша бөлінбейді. Не керек, есебін тауып, құм ішіне кететін асфальт жолдан екі шақырымын қысқартып, ауылдың жолын кіргіздік. Қажетті сома бөлініп, асфальт жол жөнделгенде ауыл болып қуандық. Марғұлан Марайымның кезінде «Сырдария» орта мектебіне күрделі жөндеу үшін 10 млн теңге, «Қоссейіт» орта мектебіне ағымдағы жөндеу үшін 6 млн теңге бөлдіртіп бердім. Тағы біраз жыл жұмыс істей тұрғанымда «Қоссейіт» мектебін типтік үлгіде салдыруға қаржы табатын едім.
Содан кейін қызмет істеген жылдары аудан әкімінің орынбасарлығына кандидат болып облыста резервте тұрдым. Әлішер Есіркепов ағамыз бір сөзінде «өзіме орынбасар етіп алайын деген ем, жоғарыдан басқа біреулер кіріп кетті» деді. Оған ешқандай өкінген жоқпын. 2008 жылы облыстан Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасарлығына ұсынды. Сол кездегі аудан әкімі Қасымбек Хаметов көкеміз, «ойбай, айналайын, екеуіміз де бір рудан екенбіз, ол тура келмейді» деген соң қойдым. Облыстық экономика басқармасының бастығы бізге бөлім бастығы болып кел деп ұсыныс жасады. Ол кезде әкем марқұм жібермеді. Бірақ, олардың ешқайсысына өкінген емеспін. Атақ-даңқ дегендерге қызыққан жоқпын. Адал еңбегіміздің арқасында ел қатарлы күн көріп келе жатырмыз.
–Қоссейіт ауылының биі болып қоғамдық жұмыс атқарасыз. Жалпы ауыл биінің міндеті қандай? Бұл шаруаны қалай жүргізіп келесіз?
–Бұрын ауыл биі болып марқұм Сайлау ағамыз жұмыс істеген екен. Денсаулығына байланысты бұл жұмысты тапсырыпты. Кейін ауыл тұрғындары маған қолқа салды. Ауыл әкімі жанындағы қоғамдастыққа да мүшемін. Ауыл биінің де, ардагерлер төрағасының да, ауыл әкімінің де атқаратын жұмысы – сол елді мекеннің өсіп-өркендеуіне күш салу емес пе? Илегеніміз бір терінің пұшпағы дегендей, бірлесе, ақылдаса отырып жұмыс жүргізіп келеміз. Ауылдағы кәсіпкер азаматтарды ұйымдастырып, орталық стадионның айналасын, балабақша, ойын алаңдарын қоршаттық. Мемлекет қаржысына былтыр 9 көше жөнделді. Екі көшеге жарық берілді. Ауылда 750 отбасы бар. Ауылға газ тартылғанда тұрмыс жағдайы төмен 65 отбасы қалып кетіпті. Енді осы үйлерге газ тарту жұмыстарымен шұғылданып жатырмыз. Тағы бір мәселе ауылдағы ауыз су торабын қайта құрылымдаудан өткізсе, жобалау сметалық құжаттары дайын. Жаңа үлгідегі заманауи ойын алаңшалары да қажеттіліктің бірі. Ауыл тұрғындарымен кездесуге келген аудан әкімі Арман Қарсыбаевқа осы мәселелерді халықтың атынан жеткіздім. Орындауға уәде берді. Арекеңмен әкімдікте қатар қызмет атқардық. Спортты әлемдік деңгейге көтерген атпал азамат енді ауданды көркейту үшін аянбай еңбек етіп жатыр. Арман әкім уәде берсе орындатпай қоймайтынын жақсы білеміз. Оған әрқашан тілекші болып, қолдап отырамыз.
–Сұхбатыңызға рахмет.
Әңгімелескен:
Әділ ӘБДІРАМАНОВ.