Жерлесіміз, ардақты ана Болсынай Ағманова өткен жылдың күзінде мұхиттың арғы жағындағы алып мемлекет – Америкаға сапар шегіп, ол жақта 136 күн болып, елге оралды. Хьюстон қаласына мемлекеттік жолдамамен оқуға барып, қазіргі кезде сондағы мектепте ұстаздық ететін қызы Гүлжанат Биташеваның үйіне қонаққа барған ол керемет оқиғалардың куәсі болды.
Хьюстон қаласындағы алғаш рет 2012 жылы Нариман, Жәнібек, Қуатбек, Мәулен, Асхат, Әзиз атты азаматтардың атсалысуымен ашылған, Индира Мұханалиева басқаратын Хьюстон қазақ мектебі оқушыларының 2024-2025 жаңа оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстаннан, оның ішінде спорттан әлем чемпиондары шыққан киелі мекен Шардарадан келгендігін атап өтті.
Шардара қаласындағы №1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Әжелер мектебінің» төрайымы болған Болсынай мектеп оқушыларының сәлемдемеге жіберген бір дорба асығын сол жердегі оқушыларға таратып беріп, алып барған құрты мен басқа да тәттілерін шашу ретінде үлестірді.
Сол сияқты осындағы «Құрсақ шашу» мерекелік шарасына қатысып, сөз сөйлеп, бата беріп, мектеп директоры Индира Мұханәлиевадан бастап, оншақты үйде қонақта болып, қазақ елі, оның тарихы мен салт-дәстүрлері жайлы әңгімелеп берді.
Вашингтондағы мәдени көпшілік орындарды аралап, Ақ үйдің алдында тұрып, «Құрметті қазақ елі, отандастарым, чемпиондар қаласы Шағалалы Шардараға, «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымына, отбасыма, бауырларыма, достарыма – бәріңе Америкадан жалынды сәлем!» деп сағынышқа толы сәлемін жолдады. Республикалық «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық қоры Шардара аудандық филиалының мүшесі ретінде күннің ыстықтығына қарамай қай жерге барса да қазақы киіммен жүріп дәріптеді. Оған қызыға қарап, қай елден екенін сұраушылар да көп болды. Олармен суретке түсіп, қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары, сыртқы келбетін көрсететін киімдері жайлы оларға мол мағлұмат айтып берді.
Болсынай Ағманова Киров ауданының «XX Партсъезд» совхозында 1959 жылы туылған. Шардара орта мектебін бітірген соң Алматыдағы есеп-қисап техникумында оқып бухгалтерлік мамандық алған. Аудандық астық қабылдау мекемесінде, Шардара ауылындағы тауарлы сүт фермасында, аудандық орталық ауруханада есепші, инсектордан сүт дайындаушы, аспаз қызметтерін абыроймен атқарып, зейнеткерлікке шыққан.
Қазіргі таңда қаладағы «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, түрлі мәдени іс-шараларға қатысып, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүр. Тігіншілікпен айналысып, 94 жыл өмір кешкен әжесінің жолын жалғастырып, тігіншілікті қолға алып, құрақ құрауды, жаңа технологиямен құрғақ жүннен картина, түрлі мүсіндер жасап, көрпе-жастық тігеді. Қазіргі уақытта Шардара ауданының құрылғанына орай дайындалып жатқан 60 метрлік құрақ құрау шарасына өзге тігіншілермен қатар атсалысуда.
Өмірге екі қыз бен бір ұл әкелген бақытты ана. Салтанаты Алматыда есепші, Бауыржаны М. Горький атындағы мектептің директоры, ал Гүлжанаты Хьюстон қазақ мектебінде ұстаздық етеді. Олардан бірнеше немерелері бар.
Зейнеткерлікке шықса да бейнеттен шықпай қоғамымызға қажетті болған салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды жастарға насихаттап жүрген Болсынай Ағманованы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, алдағы кезде де шеберлігіңізді шыңдап, жаңа туындылар жасай беріңіз дейміз.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ