ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Әріптесіміз – Қазақ ПЕН клубының мүшесі

Әлеумет
Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына орай ҚР Ұлттық кітапханасында Халықаралық жазушылар конференциясы өтті.
Қазақ ПЕН клубының президенті, прозашы, журналист, Халықаралық ПЕН клубы сыйлығының лауреаты Бигелді Ғабдуллин модераторлық еткен шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али, Алматы қаласы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов құттықтау сөз сөйледі. Ресейлік саясаткер, жазушы және баспагер Георгий Пряхин, әйгілі француз жазушысы, саяхатшысы және аудармашысы Ив Готьен, түрік жазушысы Икрами Өзтуран, өзбек ақыны, драматург, прозашы, тарихшы және аудармашы Хуршид Даврон, Қазақстанның халық жазушысы, кинодраматург, Түркі әлемі әдеби сыйлығының лауреаты Смағұл Елубай, белгілі қазақ ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин, Литвадан келген белгілі орыс жазушысы Эргали Геран, қырғыз прозашысы, кинорежиссер, сценарист, продюсер Далмира Тілепберген, белгілі қазақстандық әдебиеттанушы Светлана Ананьева сөз сөйлеп, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылғына тоқталып, естеліктермен бөлісті.
Шара аясында белгілі кинорежиссер, сценарист, халықаралық сыйлықтардың лауреаты Сергей Әзімовтың "Соңғы сапар" фильмі көрсетіліп, ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Әдебиеттің әлменді ақиығы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Конференцияға отандық және шетелдік белгілі жазушылар, ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш конференцияның қатысушысы, «Шартарап–Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің бұрынғы қызметкері, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Бақтыгүл Ауданованы Қазақ ПЕН клубының мүшелігіне қабылдануымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, қызметінде жетістіктер, отбасында бақыт тілейміз!

«Шартарап–Шарайна» газетінің ұжымы
Made on
Tilda