ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ЖАСТАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Әлеумет
«12 тамыз – Халықаралық жастар күні» мерекесіне орай онкүндік кешенді жоспарға сәйкес аудандық Мәдениет сарайында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары» тақырыбында жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәр-меңке өткізудің негізгі мақсаты – оқу орындарын бітірген түлектерді және NEET санатындағы жұмыссыз жүрген жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жас-тарға арналған бағдарламаларды таныстыру, жұмыс беруші мекемелердің қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына ықпал жасау.
Жәрмеңкеде сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев осындай іс-шаралардың ауданда жиі өткізіліп тұрғандығын, нәтижесінде көптеген жастардың жұмысқа орналасып, қызмет етіп жатқандығын атап өтті. Өткізіліп жатқан жәрмеңке арқылы да біраз адам өзіне жұмыс табатынына сенім білдірді.
Жәрмеңкеде «Мансап орталығының» филиалы субсидияланған жұмыс орындарын түсіндіріп, насихаттаса, аудан әкімдігі аппаратының персоналды басқару бөлімі, №16 колледж, «Казкрахмал» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС жайлы мектеп құрылысына тағы басқалар бос жұмыс орындарын ұсынды. Осы уақытқа дейін 10-11 сыныптарға қосымша білім беріп келген «IBilim High School» ЖШС жекеменшік мектебі биылғы жаңа оқу жылында 7-8-9 сыныптарға да оқушылар қабылдайтындықтан барлық мамандықтағы мұ-ғалімдерді жұмысқа шақырса, орталық ауруханаға да уақытша акушер-гинеколог, онколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, офтальмолог, сол сияқты жастар практикасымен акушер қабылда-натындығын, Азиялық несие қоры мен КМФ банкке менеджер, кассир, ненеджер қажеттілігі айтылды. Сол сияқты Түркістан облысы Шардара аудандық жеке сот орындаушысы Бакиров Нурлан Курбанбаевич алимент, қарыз ақша, мемлекет пайдасына ақша өндіру бойынша борышкерлерді алып келіп, бос жұмыс орындарымен таныстырып, жұмысқа орналасып, борыштарын төлеулеріне мүмкіндік жасады.
Жалпы жәрмеңкеге қала, ауыл округтерінен 50-ден астам жастар келіп қатысып, жұмыс берушілер ұсынған 25 түрлі бос жұмыс орындарымен танысты. Нәтижесінде 4 жас тұрақты, 2 жас «Қоғамдық жұмыспен» қамтылды.
«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» алдағы кезде де тұрақты түрде өткізілмек.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Made on
Tilda