ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
«AMANAT» партиясының бастамашылығымен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында ауданынымызда осы жылдың ақпан айының басынан басталып, сәуір айынының 26- шы жұлдызы аралығында «Қарызсыз қоғам» атты жобаның толық курсы өтті. Курсты қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша «Ұлы дала» бірлестігінің сарапшы-экономисті Мұратжан Есенбаев жүргізді.
Жобаның мақсаты тұрғындарға Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрету, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету болды.
Оқу курсына қатысуға биылғы жылға жоспарланған 700 азаматтың орнына 778 ауыл тұрғындары мен әр түрлі сала мамандары, аудан жастары қатысып толық курсын бітіргендігі туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы қол қойған «Қарызсыз қоғам» Сертификатын алды.
Оқу курсының соңғы аптасындағы Шардара қаласындағы «Оқушылар үйінде» өткен семинарға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы Шомпиев, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлы, жоба сарапшысы Мұратжан Бекболатұлы Есенбаев, БАҚ өкілдері қатысты.
– Бүгінде 6,0 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар бір жарым миллионнан астам қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттыруда.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру, - деді Мұратжан Бекболатұлы.
Осы мақсатта курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алды.
Оқу курсына қатысушылардың атынан аудандық білім бөлімнің
Гаухар Шамеева жобаның қазіргі кезеңге өте қажеттілігі және өзінің көптеген тұщымды білім арттырғаны туралы, бастамашыл болған «AMANAT» партиясына, ұйымдастырып өткізген аудан әкімдігіне және жоба сарапшы-экономисті Мұратжан Бекболатұлына алғысын білдірді.
Е.Қыяш
«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының консультанты