Шардара аудандық мәдениет сарайында Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» атты діни іс-шара өтті. Ондағы басты мақсат – еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті идеологияға иммунитет қалыптастыру.
«Дәстүрлі құндылықтар керуені» 2017 жылдан бері «Болашаққа бағдар» Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық деңгейде өткізіліп келеді. Еркін форматта өткізіліп, өздерін толғандырып жүрген ой-пікірлерін ортаға салатын, аудан ардагерлері, әжелер, Аналар кеңесі мүшелері мен ауыл билері, жастар, қала тұрғындары мен мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысқан рухани шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог-маманы Асылхан Данияров ашып, жүргізіп отырды.
Қазіргі кезде ауданда 18 мешіт пен 1 православ христиандық бағыттағы шіркеу жұмыс жасауда. Ауданымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуда діни ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өз үлестерін қосып келеді.
Кездесуде алғаш сөзге шығып әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің егіз ұғым екендігін жастардың бойында қалыптастыру жөнінде айтқан Түркістан облысы діни істер басқармасының мониторинг бөлімінің басшысы Жүсіпбек Сүндет Жәнібекұлы:
– Қазіргі таңда әлеуметтік желі өзекті мәселенің бірі болып тұр. Өзге өңірлермен қатар облысымыздың тұрғындары да әлеуметтік желінің зардаптарын да көріп отыр. Терроризм, экстремизм мәтініндегі өздері білмейтін, түсінбейтін араб тіліндегі мәтіндерді таратқан мектеп, колледж жасындағы балалардың осындай қателіктер жіберуі орын алуда. Бұл шара солардың алдын алу бойынша өткізіліп отыр.
Құқық қорғау органдарымен бірге әлеуметтік желідегі Инстаграмм, Фейзбук, Тик-токтағы жарияланымдарды мориторингтеп отырамыз. Биылғы жылдың өзінде 62000 аккаунт анықталды, оның ішінде 90 пайызы жастардың аккаунттары. Олар Қазақстанда тиым салынған экстремистік идеяларды насихаттайтын ақпараттық материалдарды бөліскен. Ол ақпараттардың ішінде фото, видео жазбалары бар. Қазақстан Республикасы сотының шешімімен таратуға тиым салынған материалдар. Сондықтан таратудың тәртібі бар екендігін әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік болатынын біле жүріңдер. «Білмедім» деу ешқашан жауапкершіліктен құтқармайды. Мұқият болыңдар, – деді.
Мыңға жуық бала діни сауатын ашатын дін саласында қызмет етіп жатқан Сарыағаш медресе колледжінің директоры, ҚМДБ-ның жанындағы республикалық насихаттық-ақпараттық топ мүшесі, Сарыағаш медресе-колледжінің директоры теолог-дінтанушы, ғалым Сманов Дінмұхамед Әбдіжаппарұлы қазіргі таңдағы деструктивтік діни ағымдардың алдын алу, шетелде білім алудың қауіптілігі, жастар жат ағымның жетегінде неге кететіндігі жөнінде кеңінен айта келіп:
– Қазақ халқы – мұсылман халық. Әр ұлттың өзінің салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары, тарихы, тілі, діни ұстанымы бар. Дінсіз адам болғанымен дінсіз қоғам болған емес. Ислам діні – таза дін. Ешқашан ислам дінінде жауыздық, зұлымдық, зорлық-зомбылық болмаған. Ислам қазақ даласында өмір сүріп келеді. Дегенмен діннің атын жамылған жүрегі таза емес адамдар да бар, солардан сақтану керек. Жастардың басын айналдырып, өздерінің пайдасына қызмет жасатады. Жат жарылқамайды ешқашан, Сирияға барғандар не болып жатыр. Балаларға жаныңда жүруді емес, алда қалай өмір сүру керектігін үйрету керек. Шәкірттер тоғызды бітіріп колледжге, он бірді бітіріп жоғарғы оқу орнына түсуге дайындалып жүр.
Оларға ертең теңізге, мұхитқа шыққанда батып кетпеуді, мұхитта қалай өмір сүруді үйрету керек, – деді.
«Шынықсаң – шымыр боласың», «Спорт – бақытқа жетелейтін жол» деген бар. Ауданымыздағы «Шардара – Армспорт» спорт клубынан 113 әлем, 347 Азия, 498 Қазақстан чемпионы шыққанын атап өткен армрестлингтен әлем чемпионы Ерсайын Мейрамбек Ерғазыұлы «Ұлттық құндылықтар – біздің әдебиетіміз, өнеріміз, дініміз, тіліміз. Осы қасиеттерді жоғалтпай өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланбауы зиянды әрекеттермен шұғылдануларына алып келуде. Мен спортшы ретінде спортшылар атынан баршаңызды уақытты тиімді өткізіп, спортпен шұғылдануға шақырамын. 500 бала жаттығатын «Шардара – Армспорт» спорт клубында спорттың 12 түрімен айналысуға болады, бәрі тегін» деді.
Ал, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрлан Жалменов болса кәмелетке толмағандардың құжатсыз көлік жүргізуінің, мектептердегі әлімжеттік, мектептер арасында оқушылардың келіспеушіліктері орын алып жатқандығын атап өтіп, алдын алу шараларына бірлесіп атсалысу керектігін айтты.
Жиынға қатысушылар келген қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісінше жауап алып рухани діни азық алып қайтты.