4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай «Рәміздерім – мақтанышым» атты іс-шара аясында Шардара қаласының ең биік нүктесінде орналасқан «Шежіре» саябағында Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ барлық мекеме-кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері және аудан жастары қатысты.
Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев:
– Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін нышандарының бірі. Олар мемлекет имиджінің ажырамас бөлігін құрайды, азаматтардың патриотизмін білдіреді.
Бүгін, осы мерекеге орай ұлан-ғайыр қазақ даласының аспанында көк байрағымыздың желбіреп, Әнұранымызды асқақтата шырқайтын күн бүгін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып, еліміздің еңсесі биік болсын! Байрағымыз көк аспанда желбіреп, Әнұранымыз шырқалып, Елтаңбамыз символымыз ретінде мәңгілік жасасын! –деді.
Шара соңы отаншылдық бағытта аудан өнерпаздары рухты оятатын әндерді шырқап, мерекенің ажарын ашты. Осылайша, шардаралықтар Қазақстан көлемінде аталып өтіп жатқан патриоттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды. Елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шарада Мемлекеттік Туымыз көкке көтеріліп, Әнұранымыз орындалды.
Айта кетейік, ұлтты ұйыстырған ұлттық мереке күні бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған дәл осындай патриоттық акция ауданымыздың барлық ауылдарында өткізілуде.
Өз тілшімізден