Өткен аптаның соңында аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдауға мекеме және бөлім басшылары да қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәселелердің шешілу жолдарын бірге қарастырды.
Қабылдауға келген тұрғындардың бірі — Ұлбазар Сабденова жаңа шағын ауданда орналасқан №23 көшемен маршруттық автобустың жүруін өтініп келіпті. Бұл мәселе сол жерде оң шешімін тауып, дүйсенбіден бастап автобус кестесіне қажетті өзгеріс енгізілетін болды.
Үй кезегінде тұрған Айгерім Меңлібаеваға тұрғын үй кезегінің жақындағаны, биылғы жылы салынатын тұрғын үйлердің мөлшеріне қарай кезек тәртібімен үй берілетіні, мүмкіндігінше жер үй ұсынылатыны түсіндірілді.
Алатау батыр ауылынан келген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы Ырыскүл Жайлаубаева жұмысқа қайта орналасу мәселесімен жүгінді. Оған тиісті заң талаптарына сәйкес сотқа жүгіну қажеттілігі түсінді-рілді. Ал жұмыссыз Әлия Ақбаева алдымен «Мансап» орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркелуі керектігі туралы кеңес алды.
Қабылдауда болған өзге тұрғындар да үйге газ кіргізу, терезелерге қауіпсіздік торын қою, тұрғын үй арендасын төмендету, көше жолдарын жөндеу сынды мәселелерді көтеріп, аудан басшысы тиісінше жауап берді.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев көтерілген әрбір мәселенің назардан тыс қалмайтынын айтып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, олардың орындалуын жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Ж. ЖІГЕРҰЛЫ