ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АУДАН ӘКІМІ Б.ШОМПИЕВКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Әлеумет
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевті ротация тәртібімен Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары қызметіне ауысуына байланысты қабылдап, құрмет көрсетті.
Бауыржан Қуанышбайұлы мәдениет, спорт, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және ішкі саясат салаларына кураторлық жасап, 30 жылдан астам уақыт аудан игілігіне еңбек етті. Әкім Б.Шомпиевке өз алғысын біл-діріп, жаңа қызметінде табыс тіледі. Сондай-ақ, Алғыс хат табыстап, шапан жапты.
Бауыржан Шомпиев 2017 жылдан бері аудан әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарды. 2024 жылы «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атанды.
Бауыржан Қуанышбайұлына жаңа қызметінде сәттілік, қажымас қайрат, биік жетістіктер тілейміз! Оның мол тәжірибесі мен білімі жаңа ортада да ел игілігіне қызмет етері сөзсіз. Жарқын болашақ, отбасы амандығы және толағай табыстар серігі болсын!
«Шартарап - Шарайна» газетінің ұжымы
Made on
Tilda