Балалардың дүниетанымын қалыптастырып, оқуға деген құштарлығын арттыратын, тұлға болып өсуіне ықпал ететін ортаның бірі мектеп екені белгілі. Атақты адамдар, ғалымдар мен академиктердің өзі алғашқы білімді мектептен, одан кейінгі тәжірибені өмірден алған. Қаладағы алпыс жылға жуық тарихы бар М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектепте осындай бірнеше тұлғалар мен еңбегі ерен азаматтар білім алған оқу ордасы. Аудандағы сабақ қазақ-орыс тілінде өтетін бұл мектептің басшысы Қалмырза Сапаркүл Бәкірқызымен сұхбаттасып, мектептің қазіргі тыныс-тіршілігімен танысқан болатынбыз. Төменде сол сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.
– Саламатсыз ба, Сапаркүл Бәкірқызы?! Сұхбатымызды мектептің қазіргі тыныс-тіршілігі жайлы бастасақ.
– Саламатсыз ба! Мектебіміз 1966 жылы ашылған. Мұнда оқушыларға қазақ және орыс тілдерінде білім беріледі.
Оқушыларға білім мен тәрбие беретін 112 мұғалімнің барлығы дерлік жоғары білімді. Толықтырып айтсам, 2 педагог-шебер, 27 педагог-зерттеуші, 28 педагог-сарапшы, 16 педагог-модератор бар.
Мектепте жұмыс жасайтын ұстаздардың 80 пайызға жуығы осы мектептің түлектері екендігін мақтанышпен айта аламын. Өздеріне таныс мектеп, таныс орта болғандықтан оларға өздері білім алған мектебінде жұмыс жасау оңайырақ болды деп ойлаймын.
Біліктіліктерін үнемі арттырып отырады. Мектепішілік, аудандық, облыстық іс-шараларға да қатысып, тәжірибелерін жинақтайды. Оқушылардың өздеріне деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын ояту бағытында жұмыстар жасап, олардың сабаққа құштарлығын арттыратын сабақтар өткізуге көңіл бөледі. Ұстаздың бірінші кезекте шәкіртіне үлгі көрсетуі қажеттігін жақсы түсініп, өздерін әрқашан мәдениетті ұстайды.
– Сапаркул Бәкірқызы, енді үлгілі көшбасшы болып жүрген мектептегі ұстаздар мен шәкірттеріңіз жайлы да айтып өтсеңіз?
– Иә, мектепте қандай да бір жетістік болса, ол сол ізденімпаз, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарымыздың еңбектерінің жемісі деп білемін.
М.Л. Карюгина, Н.Г.Карелина, Л.В.Бугаева, А.Н.Синева, О.В.Навинская, А.А.Найманова, Ж.Ж.Алимбекова, Ж.С.Садиров, Б.Б.Алимбекова, М.А.Садиярова, Г.А.Пайзуллаева, Б.Ш.Биташов, Б.Б.Жумадиллаева, К.О.Жундибаева, Г.Д.Рүстемова, А.Ш.Елдашбаева, А.А.Сахова секілді ұстаздарымыз оқушыларымыздың білімін жоғарғы деңгейде көрсету үшін аудандық, облыстық, республикалық байқауларға, олимпиадаларға қатыстырып, жүлделі орындарды иеленулеріне үлестерін қосып жүр.
2023-2024 оқу жылында ұстаздарының жетекшілігімен көптеген оқушыларымыз түрлі конкурстар мен пәндік олимпиадаларға белсене қатысты. Аудандық пәндік олимпиадада Мыңжасар Сапарғали және Кузеева Азия үшінші орын, Никонорова Ульяна мен Шерер Полина Мақтау грамотасымен марапатталды. 5-6 сынып оқушылары арасында 4 оқушы «Юниор» аудандық пәндік олимпиадасында 1 орын, 4 оқушы облыстық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымыздың басқа да бағыттағы жетістіктері өте көп.
–Мектептегі оқу мен тәрбие жұмыстары қаншалықты жолға қойылған?
– Мектепте сауатты әкімшілік жұмыс істейді. Олар оқу және тәрбие жұмысын қатар ұйымдастыруды ұстанады. Н.Г.Карелина, С.С.Кадирова, Г.А.Пайзуллаева , М.Л.Карюгина, М.А.Садияров, Б.Б.Алимбекова, Ж.А.Бердалиева, Б.Ш.Биташов секілді орынбасарларым оқу мен тәрбие жұмыстарына жауапты. Өткен жылы мектебіміз мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өткенін айта кеткім келеді. Бұл оқу-тәрбие жұмысының қалыптасқан жүйеге қойылғандығының айғағы. Әр тоқсанның соңында оқу үлгерімін қорытындылай келе, білім сапасы төмен сыныптарда Lesson study зерттеуі жүргізіледі. Негізгі мақсат – төменгі оқу үлгерімінің себептерін зерттеу. Бұл зерттеу өте жақсы көмегін беруде. Соның нәтижесінде көптеген сыныптарда жеке пәндер бойынша білім сапасы едәуір артты. Сонымен қатар біздің ұжым жыл сайын балалар шығармашылығы фестиваліне қатысады. Өткен жылы ұжымымыз ауданда І орынға ие болды, биыл 17 сәуірде мектебіміз Гран-приді ұтып алды.
–Оқушыларыңыз сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданады? Қандай қосымша үйірмелер жұмыс істейді?
–Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жеке тұлғаны қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын баршамыз білеміз. Өйткені сабақтан тыс жұмыстар сабақ уақытында жүргізілетін жұмыстардың жалғасы болып табылады. Оқушы тек білімді, дағдыларды игеріп қана қоймай, сонымен бірге ынтымақтастыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға қабілеттілік пен дайындықты үйренуі керек.
Біздің мектептің оқушылары сабақтан тыс уақытта музыка мектебіне, оқушылар үйіндегі үйірмелерге, қаланың спорт секцияларына және мектеп секцияларына (волейбол, футбол, армрестлинг, бокс, күрес, үстел теннисі) барады. Уақытын текке өткізетін оқушылар жоқтың қасы.
– Сапаркүл Бәкірқызы, уақытыңызды бөліп сұхбат бергеніңіз үшін көп рахмет! Биылғы оқу жылын жоғарғы жетістіктермен аяқтауларыңызға тілектестігімізді білдіреміз.
Сұхбаттасқан: Ақбота ӨСЕРБАЙ