ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Құрақ құрау да үлкен өнер

Әлеумет
Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарда қаншама ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз, әдет-ғұрыптарымыз қайта жандана бастады. Олардың көпшілігін өскелең жаңа ұрпақ жақсы қабылдап та жатыр. Анығырақ айтар болсам өткен жылдың күзінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатында қазақтың «Аламан құрағы» таныстырылды. Көлемі 11200 шаршы метр құрайтын, Қазақтың бұл қолөнер туындысын 450 шебер бір түсте, бір үлгіде тігіп, күллі әлем жұртының назарын аударды. Бұл шараға біздің ауданымыздан Оңласын Ибрагимова мен Ақмарал Дауылбаева қатысып, құраған құрақтары жоғары бағаланып, есімдері «КИНЭС» рекордтар кітабына енді.
Ал, биылғы жылы бұл жоба әлемдік деңгейде өткізілмек. Алматының апорты құрақпен безендіріліп, көрсетілетін бұл шараға қатысуға менде тапсырыс алдым. Қазір 126 блоктан құралған ұзындығы 230, ені 90 сантиметр болатын құрақ көрпені дайындаудамын.
«Аламан құрақ» алдағы кезде қанатын бұданда кеңге жайып, түрлі байқаулар өткізілуі де мүмкін. Сондықтан немерем Шәріпбай Айдана Бауыржан қызын құрақ құрауға кішкентай кезінен қолына ине-жіп ұстатып, баулып келемін. Алдағы байқауға қатысуға немерем де қызу дайындық жасауда яғни «Аламан құрақтың» ең жас қатысушысы болмақ. Ауданымыздың атын әлемге таныту мақсатында бар өнерімімізді салудамыз.
Болсынай АҒМАНОВА
зейнеткер, құрақшы
Made on
Tilda