Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі. Тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, әрі қарай дамытудың басты шарттарының бірі – тіл тазалығын сақтау.
Тіл мәселесі – ұлтымыздың тағдыры. Сондықтан балабақша, мектептен бастап, тіпті жоғары оқу орындарында да тіл тазалығын сақтау мәселесін қаперге салып, назарда ұстап жүрсек, өз нәтижесін берері сөзсіз.
Осыған орай, Шардара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары ауданымыздағы көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптап, иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі» тақырыбында көше акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға Шардара аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту» орталығы КММ-нің тіл мамандары, аудандық Ішкі саясат бөлімінің инспекторы Алтынбек Ізтілеу, Шардара қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бас маманы Смайылова Ұлбала, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының қызметкері Есенгулова Гүлмира, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің инспекторы Абекова Балжан, «Шартарап–Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің тілшісі Тәжі Аяжан қатысты.
Акция барысында атауы жазылған көше аншлагтарына, көрнекі ақпарат мәтіндеріне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде ағарған, тозған, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған, қате жазылған мәтіндерді реттеу керектігі туралы аудандағы бірқатар кәсіпкерлерге кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Ана тілі – ұлттың бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры»– деп Б.Момышұлы атап өткендей, тілдің тазалығын қадағалау болашағымызға көп әсерін тигізбек.
Сондықтан, аудан тұрғындарына тіліміздің тазалығын сақтай отырып, мекемелердің, дәмхана, шайхана, сауда орындарының атауларын, жарнамалардың мемлекеттік тілде дұрыс, сауатты жазылуына белсенділік танытып, өз тіліміздің ұлылығын дәлелдей білейік дегіміз келеді.