Елімізге неміс басқыншылары тұтқиылдан ескертусіз шабуыл жасап, тыныштығымызды бұзған сол бір Ұлы Отан соғысына қазақстандықтар да ел қатарлы Отанымызды жаудан қорғауға аттанды. Соғыс Жеңіспен аяқталғанда бірқатары аман-есен елге оралса, біразы Отан қорғау жолында бақилық болып, жат жерде қалды.
Кейбіреулерінен хабар-ошар да болмады. Дегенмен арада 80 жыл өтіп кетсе де іздестіру шаралары әлі күнге дейін жалғасуда. Табылып жатқандары да бар.
Сол сұрапыл соғыс басталғанда Әбілдә қарияның үлкен ұлы Шайзілда КСРО ішкі істер халық комиссариатының Ильич аудандық бөлімінің бастығы болып, екі ұлы Сақ пен Сламидин әскер қатарында соғысқа аттанды. Сақ Ресей Федерациясының Ростов облысында, Сламидин осы облыстың Октябрь ауданында соғысқа кіреді.
Соғыс аяқталған соң 1947 жылы күзде Сақ Әбілдәұлы елге аман-есен оралып, Сламидиннен хабар-ошар болмайды. Сақ болса өмірінің соңына дейін інісі Сламидин туралы бір хабар білсем деген арманмен өмір сүріп, қалайда оны іздестіріп, табуды баласы Орынбасарға аманат етеді.
Орынбасар Сақұлы "Шардара" қаракөл қой совхозында есепші, бас бухгалтердің орынбасары, 1972 жылы Қызылқұм өңірін игеру кезінде жаңадан ашылған "Комсомол" кеңшарына бас бухгалтер болып қызметке орналасып, зейнеткерлікке шыққанша осы қызметті үздіксіз атқарады. Қазіргі таңда Ұзыната ауылында бір көше Орынбасар Сақұлының есімімен аталады.
Орынбасар өмірінің соңғы жылдарында сырқаттанып Ташкент қаласында емделіп жатқанында ұлы Артықбайды қасына шақырып алып әкесінің «Сламидинді іздеп тап» деген өсиетін орындай алмағанына өкінішін білдіріп, оны іздеп табуды Артықбайға аманаттайды. Артықбай да әкесіне оны табу үшін барлық әрекетін жасайты-нын айтып, әке аманатын өз мойнына алады.
Әкесі Орынбасар өмірден өткеннен кейін Артықбай Сламидинді іздеп тауып, әке өсиетін орындау үшін көп ізденеді. Соңында 2023 жылы аудан әкімі Арман Қарсыбаевқа, Қазақстан мен Ресей елшіліктеріне, ҚР Қорғаныс министрлігіне, Ресейдің Ростов облысының губернаторына хат жазып Сламидин Әбілдәұлын іздеп табуға көмектесулерін сұрайды.
Нәтижесінде 2024 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен телефонмен хабарласып, «Атаңыз табылды, Сіз майдангердің ұрпағысыз» деп Грамотамен марапаттап, Ростов облысы губернаторының байланыс нөмірін, Сламидиннің Әбідәұлының жерленген жерінің адресін береді. Сол бойынша хабарласқанында қалай бару керектігін, өзі күтіп алатынын айтады.
Атасы Сақтың зиратынан топырақ алған Артықбай 2025 жылдың 19 наурызында Дондағы Ростов қаласына жолға шықты. Ол жақта Ростов облысының губернаторы Алексей Михайлович күтіп алып, «Бауырластар зиратына» алып барады. Ол жерде 115 жауынгер жерленген болса олардың 79-ы белгісіздер тізімінде. Ал, белгілі 36 жауынгердің ішінде Сламидин Әбділдаұлының есімі төртінші болып тұр. Онда 1943 жылдың 9 ақпанында қайтыс болғаны, құрамында 150 солдаты бар атқыштар бөлімін басқарған сержант екендігі жазылған. Артықбай сол аудандағы бірқатар мәдени жерлерді аралайды. Октябрь ауданының басшысы ауданның туы мен аудан тарихы жазылған кітап сыйлайды. Сақ атасының топырағын сонда қалдырып, Сламидиннің қабірінен топырақ алып 27 наурыз күні елге қайтады.
29 наурыз күні таңғы сағат алтыда елге келген Артықбай Сақ атасының қасына бауыры Сламидиннің қабірінен алынған топырақты қойып, басына немересі Артықбай, ағайын-туысы, шөберелері мен шөпшектері атынан құлпытас орнатып, Рамазан айының айт намазында Сламидиннің рухына құран бағыштап, алдына қойған мақсатының бір парасын орындайды.
Атасы Сламидиннің рухына арнап Артықбай Орынбасарұлы алдағы 2025 жылдың 6 сәуірі күні еске алу шарасын өткізуді қолға алып отыр. Атап айтқанда, осы күні Сламидин Әбілдәұлының есімі «Тұңғыш Президент саябағындағы» Ұлы Отан соғысына қатыс-қандардың тізіміне ендіріліп, ашылу салтанаты болады. Одан кейінгі кезеңде аудандық орталық стадионда 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында кіші футболдан облыстық деңгейде ауданаралық Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан №300 атқыштар двизиясының бөлім басшысы, сержант Әбілдәұлы Сламидинді еске алу турнирі өткізеді.
Жүлде қоры бірінші орынға – 100 мың, екінші орынға – 50 мың, үшінші орынға – 30 мың. Сонымен қатар төрешілер мен жаттықтырушылар үздік қақпашы, шабуылшы, қорғаушылар да марапатталып, қаржылай сыйлық, медалдар мен кубоктар табысталады.
Соңынан «Нұр-Банкет» мейрамханасында Сламидин Әбілдәұлының рухына дастархан жайылып, құран ба-ғышталады.
Ниеттеріңіз қабыл болсын!
Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ