ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Әлеумет Cаясат
Шардара ауданы әкімінің орынбасары лауазымына жаңа тағайындау жасалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уа-қытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бердешов Жұмасұлтан Оразбекұлы аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың 2025 жылғы 12 ақпандағы №1-38ө өкімімен Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы жаңа орынбасарын таныстырып, оған алдағы қызметінде сәттілік тілеп, сенім білдірді. Жұмасұлтан Оразбекұлы экономика, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларына жетекшілік ететін болады.
Жұмасұлтан Оразбекұлы 1991 жылы 27 желтоқсанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы Шардара ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас маман қызметінен бастаған. 2016-2019 жылдары осы бөлімнің бас инспекторы, кейін басшысы болып қызмет атқарды.
2019-2021 жылдары Түркістан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінде бас инспектор қызметін атқарды. Ал 2021 жылдың қараша айынан бастап Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.
Жұмасұлтан Оразбекұлын жаңа лауазымымен шын жүректен құттықтаймыз! Оның біліктілігі мен жауапкершілігі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосарына сенімдіміз. Алдағы қызметінде толағай табыстар, биік жетістіктер мен халық игілігі жолында аянбай еңбек етуіне сәттілік тілейміз!
“Шартарап–Шарайна” газетінің ұжымы
Made on
Tilda