Шардара аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен «Кең дала 2» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына бөлінген несие мен «Агробизнес» бағдарламасы, мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жайлы түсіндіру тұрғысында мәжіліс өтті.
Жиынға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент филиалы өкілдері Б.К.Кулсинбаев, А.Черниязев, аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімінің жауапты қызметкерлері, ауыл округтері әкімдіктерінің салаға жауапты мамандары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл мәжілісті ашып жүргізіп отырды. «Аграрлық несие корпорациясы» өкілдері биылғы жылға «Кең дала 2» бағдарламасы аясында көктемгі дала, жиын-терім жұмыстарына бөлінген қомақты несиелік қаржы жайлы және «Агробизнес» бағдарламасы, мал шаруашылығына қаралған мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктерді кеңінен түсіндіріп өтті.
Жиналыс барысында несиелендіруге қатысты шаруалардың ұсыныстары мен сұрақтарына «Аграрлық несие корпорациясы» өкілдері тарапынан жауап беріліп, толғандырған мәселелер талқыланып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты..