ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ЖЕРЛЕСМІЗ – ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТТЕ

Әлеумет
Оспан Даниярұлы – жауапкершілігі мол қызмет жолында талмай еңбек етіп, түрлі мемлекеттік органдарда мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Ол 2013-2016 жылдары ОҚО Шардара қаласы Шардара ауданы әкімі аппаратының бас маманы, 2016-2017 жылдары ОҚО Шардара қаласы, Шардара ауданы "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2017-2018 жылдары Шымкент қаласы, 2017-2018 ж. "ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті" РММ жетекші маманы. 2018-2019 ж. Шымкент қаласы, "ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті" РММ бас маманы. 2019 жылы Астана қаласы, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шағымдарды қарау орталығы басқармасының сарапшысы. 2019 жылы Астана қаласы, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шағымдарды қарау орталығы басқармасының бас сарапшысы. 2019-2020 ж. НұрСұлтан қаласы, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Апелляция және құқықтарды қорғау басқармасының бас сарапшы-мемлекеттік аудиторы. 2020-2022 ж. Түркістан қаласы, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы.

2022-2024 ж. Түркістан қаласы, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары.
Қазіргі таңда Europharma, Marwin-Meloman, Sandyq, Tary және Pana жобаларын қамтитын Akniet Group компаниялар тобының Бақылау кеңесінің мүшесі. Ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап ҚБФ қоғаммен байланыс және бизнес өкілдерімен қарым-қатынас жөніндегі вице президенті болып тағайындалды.
Әжібеков Оспан Даниярұлы 1993 жылы Шардара қаласында туылған. Қаладағы Ж. Жабаев, М. Әуезов атындағы мектептерде білім алып, Шымкент қаласындағы "Дарын" мектебін бітірген.
Әкесі – ауданда комсомол ұйымында хатшы, аудан әкімдігінде бас маман,Шардара қаласының әкімі қыз-меттерін атқарған Омаров Данияр Әжібекұлы, анасы қаржы саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан Омарова Бейсенкүл Айдарханқызы.
Жерлесімізді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің спорт саласының дамуына қосар үлесі мол болсын деп тілейміз.
Қызмет жолы жемісті, абыройы асқақ болсын!
«Шартарап–Шарайна» газетінің ұжымы
Made on
Tilda