Шағаласы шалқыған шежірелі өлкенің құрылғанына 60 жыл толуына орай, Шардара ауданы әкімінің бастамасымен «Алтын қорға үлес қос» акциясын қолдау мақсатында «60 жылдыққа – 60 кітап» акциясы жарияланған болатын.
Осы тұрғыда аудандық мәдениет үйінде Шардара ауданының 60 жылдығына орай, «60 жылдыққа – 60 кітап» атты акциясы өтті.
Шараға ауданының әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, акция аясында алтын қорға сыйға әкелген кітаптарын тапсырды.
«Шағаласы шалқыған шежірелі өлкеміздің құрылғанына 60 жыл толуына орай, ауданмен бірге құрылған аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен, аудан тұрғындарының рухани дамуына үлесімді қосу мақсатында «Алтын қорға үлес қос» жобасының аясында «60 жылдыққа – 60 кітап» акциясын бастадым. Өткен 2024 жылы аудандық кітапхананың кітап қорына 1500 жуық кітап берілген болса, осы игі бастама жалғасын тауып, жыл соңына дейін кітап – қазынамыз молаяды деген сенімдемін. Кітап адамды тәрбиелесе, кітапхана адамзатты тәрбиелейді. Биылғы жоспарлап отырған ауданымыздың 60 жылдық мерейтойы баршаңызға құтты болсын!» деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, шараға аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Шардара ауданының Құрметті азаматы Қыстау Ілесов қатысып, кітапханаға 410 кітабын сыйға тартты. Акцияға әкімдік қызметкерлері, ақын, жазушы және көптеген кітап сүйер қауым жиналып кітапхана қорына 1000-ға жуық кітап өткізді. Бұл акция бүкіл ауылдық округтердегі кітапханаларда бір мезетте ұйымдастырылып, жыл бойына жалғастыру көзделген.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі