Қашанда елдің береке-бірлігін сақтауда өмірлік тәжірибесі мол ардагерлер қауымы маңызды рөл атқарады. Шардара ауданында ардагерлер Кеңесіне 22 бастауыш ұйым топтасып, жоспарлы түрде жұмыс істейді. Нәтижелі жұмыстарымен көптің алдында алғысқа бөленіп жүрген азаматтың бірі Жора Аманов ағамыз.
Жора Нәметұлы Достық ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымына төрағалық жасайды. Бұл ауыл аудан орталығынан шалғайда жатқан елді мекендердің қатарында. Осында ғұмыр кешетін 264 зейнеткердің мұң-мұқтажының оң шешілуіне ықпал жасап, ауылдың ауызбірлігі мен ынтымағын сақтауға, жергілікті билікпен бірлесе отырып ауылдың көркейіп-гүлденуіне біркісідей атсалысып келе жатқан Жора ағамыздың еңбегіне лайықты баға беріліп келеді. Тарихтың қойнауына кеткен ұлу жылының соңында Жора Амановқа «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атағының берілуі соның бір дәлелі.
Жетпіс жастың бел ортасына беттеп бара жатқан ағамыздың ширақ қимылына көз сүйсінеді. Иелігіндегі темір тұлпарды өзі жүргізіп, 100 шақырымнан асатын ауыл мен аудан орталығының арасында қатынап жүретін ол кісі шаршау дегенді білмейді. Бірде ауылдағы таза су қондырғысының жай-күйін тиісті орындарға жеткізіп жүрсе, тағы бір келгенінде зейнеткерлерге демалыс үйіне жолдама әкетіп бара жатады. Тау тұлғалы ағамыздың құрыштан құйғандай бітім-болмысы жас кезінде спортпен шұғылданғанынан хабар беріп тұрғандай. Сондықтан болар қайратты ақсақалдың сұсынан ауылдың телісі мен тентегі ығысып жүреді. Ілгерідегі жастардың ру-ру, ата-ата болып, қырқысып қалатын келеңсіздіктер де осындай ағалардың арқасында сап тыйылғанын айта кеткен жөн болар.
Жора Аманов дала мен қаланы қатар жайлап өсті. Өзіне бұйырған бірнеше қызметті атқарды. Мансап, лауазым қуып алаөкпе болмай еркін ғұмыр кешті. Өмір тарихы, еңбек жолы өзгелерден ерекшеленбейді. Шопан отбасында дүниеге келіп, ата-анасына қолғабыс жасады. Әкесі Нәмет аға шопан болғанда, анасы Жаңғақ апамыз көмекші шопан болып, сол кездегі одақтың мал басын арттыруға сүбелі үлестерін қосқан жандар еді. Бүгінде Келес ауданына қарайтын Бозай елді мекенінде балалық шағы өтті. Өзінен алдын туған ағасы 9 жасында түйеден құлап, мертігіп кеткен еді. Әудем жердегі құдықтан су артып келе жатқанда түйе ойнақтап кетіп, жас бала жазым болған. Қыршын кеткен үлкен ұлдың өлімі ата-анасын қатты күйзелтіп жібереді. Қойдың бәрін өкіметке өткізіп, Ташкентке көшіп кетеді. Калинин ауданында оны-мұны істегенімен әкесі біраз жылдан соң қайтадан Бозайға келіп, мал бағумен айналысады. Алайда, бала-шағасын әжелерінің қарауына тапсырып, сонда қалдырып кетеді. Жора ағамыз соңынан ерген үш інісімен бірге өзбектің астанасында ғұмыр кешеді. Назарбек елдімекеніндегі Жданов атындағы мектепте сегізінші сыныпты, Маяковский атындағы орта мектепте оныншы сыныпты жақсы деген бағамен бітіріп шығады.
–Алдымда екі әпкем болды. Әулетіміздің тұңғышы болған ағам жастай көз жұмған соң мені еркелетіп өсірді. Не ішем, не кием демедім. Әке-шешем Тәшкенге келсе бір-біріне көрсетпей қалтама тиын-тебенін тыққыштап кетеді. Нағашы әжем олардан тығып тағы береді. Бір сөзбен айтқанда ешнәрседен таршылық көрместен ержеттім. Бірақ, әкеміздің бетіне келмей өстік. Ол кісі не айтса да біздер үшін заң еді. Дауыс көтермей-ақ, ұрып-соқпай-ақ тәрбиеледі. Мектеп бітірген соң Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетіне құжат тапсырып, емтихандардан сүрінбей өттім. Бірақ «жастық шақ – мастық шақ» дегендей, балалықпен сол оқуға ілінбедім. Себебі, Бозай ауылына барып, жолдас жігіттермен қызық қуалап жүріп, дәл оқу басталатын күні Тәшкенге бармай қалдым. Әкем «бармайсың ба?» деді, мен «кейін барам, үлгерем» деп сылтау айтып жатырмын. «Бүгін бармайтын болсаң ол жаққа мүлдем бармайсың» деді де, атына мініп кетіп қалды. Қайда кетіп барады, ешкім білмейді. Өйткені ешкімге есеп бермейтінін біздер жақсы білеміз. Содан шешем айтты, «ана малды жай, әкең қашан келетінін білмейміз, ақыры қалдың ғой» деді. Әкем ертесіне ме келді. Сөйтсем, дарияның арғы бетінде Көксу кеңшарында қой бағатын Мүтәлі деген досының үйіне кеткен екен. Ол екеуі баяғыда бірге қой бағып, дос болған. Сол кезде ұл-қызымыз болса бір-бірімізбен құда болайық деп келіскен ғой. Бұл жақта мен, ол жақта бір қыз туылған. Әкемдер ара-арасында кездесіп тұрады екен. Не керек, сол жолы әкем болашақ құдасына барған да «қызыңды енді әкетемін, балам үйде мал бағып отыр» деп құда түсіп, тойды белгілеп келеді. Мен болашақ қалыңдығымның барынан да, әкелеріміздің атастырып қойғанынан да бейхабармын. Ол қызды әкелуге барғанда бір-ақ көрдім. Сонымен, 1970 жылы Күлжан Мүтәліқызын үйге келін етіп түсірдік. Әкеміздің таңдаған адамына бірауыз қарсы келген жоқпын, – дейді Жора Нәметұлы.
Шаһарлық жігіт осылайша малшы ауылда қалып, күн өткізе береді. Әкесінің ашуы қайтқан бір тұста «шоферлықты оқып алсам бола ма?» деп рұқсатын алады. Сонымен Ташкент қаласына барып, жүргізушілік курсты бітіріп шығады. Ауылына барып кеңшардың «водовозын» жүргізеді. 18-ге толған мұның қатарластары бір жыл бұрын әскерге кете бастаған. Неге екенін кім білсін, Жора ағамызды әскери комиссариат еш шақырмайды. Жасы жиырмаға жақындағанда Ташкенттегі әскери комиссариатқа өзі барады. «Осындай да осындай, мені неге әскерге шақырмайсыздар?» дейді.
–Әскерге жіберіңіздер, болмаса әскери билет беріңіздер, – дейді жас жігіт тіке әскери комиссардың алдына кіріп.
–Фамилияң кім?
–Аманов.
–Так, Аманов, Аманов. Ее, Нәмәт әкәнің баласысың ба? Болды, енді барасың. Тез мына жігітті комиссияға қосыңдар да, тексеруден өткізіңдер, – деген әскери комиссар қарамағындағыларға тапсырма береді.
Сөйтсе, әкесі Нәмет ақсақал әскери комиссарға өтініш айтып, кейінге қалдырумен созып жүрген беті екен.Үйіне әскерге шақырту туралы қағазды алып келіп әкесіне көрсеткенде, мырс етіп, «мақсатыңа жетіпсің ғой, барсаң барып кел, енді» дейді. Ол кезде әскерге бару да той, келу де той. Думандатып шығарып салады. Ресейдің Орынбор облысында екі жыл әскери борышын өтеп, елге аман-есен қайтып келеді. Келген соң әкесі «бәрібір сен қой бағып жарытпайсың, одан да Тәшкеніңе бара ғой» деп рұқсатын беріп, келіншегі екеуінің еншісін беріп жібереді. Екі балалы болып үлгерген жас отбасы әкелері жақсылап салып берген Назарбектегі зәулім үйге көшіп келеді.
Мұнда келген соң Ташкент тәжірибелік-техникалық зауытына жүк машинасын жүргізуші болып жұмысқа тұрады. Үй жихаздарының керек-жарақтарын шығарумен айналысатын бұл зауыттың өнімдері одақтың біраз жеріне тарайды екен. Өзіміздің Қызылорда қаласына да тапсырыспен өнім жіберіп отырады. Жас маманды Қызылордаға бекітеді. Айына төрт мәрте зауыттың өнімдерін ол жаққа апарып, қайтарында болаттан жасалған сым темір артып келеді. Айлық жалақысы, іссапарға төленетін қосымша ақыны қосқанда өте қомақты болады. Анау-мынау адамның түсіне кірмейтін 500 сом жалақымен жұмыс істеп жүре береді. Арада төрт жыл өткенде мүлдем басқа салаға қызмет ауыстырады. Ойламаған жерден ішкі істер саласының қызметкері болып шыға келеді.
–Қызылордаға қатынап жүріп қайтарымда Бозайдағы шал-кемпірге соға кетемін. Соны көрген біреулер мемлекеттің көлігін жеке тірлігіне пайдаланып жүр деп көрсеткен болу керек, жол патруль қызметкерлері жүргізушілік правомды алып қойды. Содан жұмыстың реті болмай жүргенде бір жолдас жігіттердің айтуымен милицияға қабылданып кеттім. Ішкі істер министрлігіне қарасты әкімшілік қызмет басқармасының жеке дивизионында көлік жүргізуші болып қызметке кірдім. Баяғы менен алып қойған жүргізушілік правомды өздері қолыма әкеліп берді. Біздің міндетіміз орталық комитеттің қауіпсіздігін күзету. Дивизия командирі Щербаковты алып, «Уазик» көлігіммен жүремін. Қызметтен қол үзбей жүріп, милицияның оқуын оқып алдым. Лейтенант шенін иелендім. Баяғы көл-көсір айлық мұнда жоқ екен. Көп болса 70-80 сом аламыз. Бірақ, мемлекеттен біздерге паек беріледі. Яғни, әр бейсенбі сайын азық-түлік алып тұрамыз. Ол паектің ішінде етттен бастап шұжық, үнді шайы, жұмыртқа дегендер толып тұрады. Яғни, бір отбасыны асырауға молынан жетеді. Асханасында тойып тамақ ішсең небәрі 27 тиын ғана төлейтінімізді ұмытқан жоқпын, – дейді өткен күндерді көз алдына келтірген Жора ағамыз.
Бой-сойы келіскен, самбо спортынан екінші разрядты Жора Амановты әріптестері қатты құрмет тұтатын. Дивизия командирі Щербаковпен бірге талай рет шетелден келген қонақтарды күтіп, шығарып салды. Орталық комитетте қызмет атқаратын лауазымды кісілермен талай рет кездесті. Республика басшысы Ш.Рашидовтің айналасында жүрді. Өз міндетін мүлтіксіз адал атқарып, тура жолдан айнып көрген емес. Дивизия командирі ауысып, Щербаковтың орнына Мадамижан Халмұрзаев деген кісі келген соң-ақ бұған қырын қарай бастаған. Қазақтың қара торы жігітінің абырой-беделі ұнай қоймаса керек, қапысын тапса аяқтан шалып қалғысы келіп отырады. Бірде Жора Амановты шақырып алып, өзінің жеке шаруасына жұмсайды. Сондағысы егістік алқаптағы жоңышқалықтан орып алып, үйіндегі қоянға апарып беру керек екен. Мұндай басынуға намысты жігіт өлсе көне ме. «Мұнда сенің жұмысыңды емес, өкіметтің жұмысын істеуге келгенмін» деп бетіне айтып салады да, бұрылып шығып кетеді. Содан ертеңіне таңертең көптің ортасында «орталарыңда өте ақылды, іс білер азаматтар бар екен, көреміз оларды» деп кекетеді. Онысымен қоймай мұны кабинетіне шақырып алып, «сен ұқсаған қазақтарды оқытып аламыз» деп қоқан-лоққы жасап, ақырында боғауыз сөзден де жібереді. Манадан бері ашуы терісіне сыймай, әзер шыдап тұрған жас офицер тарс жарылады. Беліндегі тапаншасын суырып алады да тура қақ шекесіне тақайды. «Қоясың ба, қоймайсың ба сен? Қимылдасаң атып өлтіремін, тура!» деп әке-шешесінен түк қалдырмай сыбап, атып жіберетіндей шүйлігеді. Жалмауызға да жан керек екен, әп-сәтте әлгінің бет-жүзі әлемтапырық болып ағарып, үні шықпай отырып қалады. Сол кезде үстеріне кіріп қалған командирдің орынбасары «ақымақ болма, ақымақ болма» деп жалынып, мұны зорға қойдырады. Қопаңдап отырған бастықтың үні шықпай қалған, дір-дір етеді. Қатты қорыққаны сонша, шалбарын былғап қойыпты. Ертесіне мұны бір сөткеге қамау туралы бұйрық шығарады. Ендігі жерде ол жерде жұмыс істеу мүмкін емесін түсінген соң арызын жазып қызметтен кетіп қалады.
–Жасыратыны жоқ, жас кезімде басымнан сөз асырмайтын бұзық болдым. Оның үстіне қарадан қарап кемсітіп отырса, ұлтыңа тиісіп отырса қалай шыдайсың. Сонымен бес жыл жұмыс істеп, органмен қош айтыстым. Кейін Шыназ аудандық оқу бөліміне қарасты жүк машинасын жүргіздім. Шаруашылық есептегі бұл мекеме айына 70 сомды құйсаң, қалғанын өзіңе беретін. 1992 жылға дейін бұл қызметті атқарып, содан соң Қазақстанға қоныс аудардым. Шардарадағы Достық кеңшарына келіп жұмысқа орналастым. Сол ауылда жүргенде қазақша төлқұжатқа түсіп, оралман мәртебесін алмастан шардаралық болып кеттім. Кеңшар директоры Әнуар Ақжігітов есімді азаматпен сыйласып еңбек еттім. Қазіргі таңда ұлы Ерлан Ақжігітов ауыл әкімі қызметін атқарады. Біз соларға ақыл-кеңес айтып, бірлесе жұмыс жүргізіп келеміз, – дейді Жора ағамыз.
Кеңшардың егістік алқабында мақташы болып қарапайым жұмыс атқарған Жора Аманов кейіннен мақта пункттерінде товаровед, пункт меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2017 жылдан бастап ардагерлердің бастауыш ұйымына төрағалық жасайды. Ауыл биі деген қоғамдық жүмысы тағы бар.
–Достық ауылы шалғайда жатқанымен де мемлекетіміз тарапынан жасалынып жатқан игіліктің барлығын көріп жатыр. Мұнда мақта да, қауын-қарбыз да егіледі. Мал басын асылдандырып жатқан азаматтарымыз жетерлік. Ауылдың жағдайы жыл өткен сайын дұрысталып келеді. Соңғы жылдары ауыл әкіміне айтып жүріп үлкен трассаның бойына жарық орнаттық. Дәл қазір 90 пайыз ауылымыз жарықтандырылған десек болады. Ауылдың Мәдениет үйіндегі ардагерлерге арналған бөлмені мұражайға айналдырып отырмыз. Кеңшар құрылған кезден еңбек еткен ардагерлердің барлығының суреттерін ілдік. Ауылда екі саябақ бар, біреуінің ішін толықтай асфальттап, жұрт демалатын орын жасадық. Екіншісіне де абаттандыру жүргіземіз. Көшелеріміз асфальттанған. Жыл сайын 20-25 ардагеріміз демалыс орындарында демалып келеді. Зейнеткерлердің арасында 4 ауған жерінде, 2 Семей полигонында әскери борышын өтеген азаматтар бар, – дейді ауылдың тыныс-тіршілігінен хабар берген Жора ақсақал.
Жора ағамыз баяғыда әкесі айттырып әперетін Күлжан жеңгемізбен бірге 2 ұл, 5 қыз сүйді. Ұл-қыздарынан барлығы 32 немере, 11 шөбере сүйіп, бақытты ата-әже атанып отыр. Өздерімен бірге тұратын үлкен ұлы Оралхан орман шаруашылығында, кіші ұлы Нұралхан мектепте жұмыс атқарады.
Осындай нар тұлғалы, кесек мінезді ағалармен қалай мақтансақ та жарасады. Ауылдың іші осындай ел ағаларымен ажарлы болса керек.
Әділ ӘБДІРАМАНОВ - Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.