ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АРДАГЕРЛЕР КӨРІСУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Әлеумет
Шардара аудандық Ардагерлер үйінде, Наурыз мерекесіне орай Көрісу күні аталып өтіп, оған қаладағы ардагерлер қауымы қатысып, бір-біріне деген ізгі тілектерін жолдады. Іс-шара барысында Ардагерлер кеңесі төрағасы Тоқсанбай Бердібеков көпшілікті мерекемен құттықтап, Көрісу күнінің өзіндік ерекше сипаты мен, мән-мағынасы төңірегінде бірқатар әңгімелерін айтып өтті. Сонымен бірге Көрісу күнінде жолыққан ардагерлер қауымы өзара тілектерін жолдап, Наурыз мейрамының қадірі мен қасиеттері туралы, емен-жарқын әңгімелер жүргізді.
Made on
Tilda