Көктемнің берекелі мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Осы жарқын шаттыққа толы күнмен қатар келген қуанышты сәтте «Шартарап–Шарайна» газетінің редакторы Нұрмахан Қарының аяулы анасы, газетіміздің меншік иесі «Нұр-МБК» ӨК төрағасы Нұрболат Қариевтің ардақты әжесі, 84 жасқа толып отырған Қариева Мархамат Еркінқызын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана — отбасының тірегі, ұлттың ұйытқысы. Ежелден қазақ «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтпаған. Асыл жандардың мейірімі мен махаббаты, нұрлы жүрегі мен кең пейілі біздің жүректерімізге мәңгілік шуақ шашып, өмірімізді көркейтіп келеді. Солардың қатарында ұлағат пен ізгілік жолын таңдаған, ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген мың айдың жүзін көрген Мархамат әжеміздің орны ерекше.
Жарты ғасырдай уақытын ұстаздық жолына арнап, сан шәкірттің жүрегіне білім мен тәрбие нәрін құйған, бүгінде ғибратты ғұмыр кешіп, ұрпағына ұлағатты өнегесін сыйлап, шөберелерінің қолынан май жалап отырған Мархамат әжеміз – ел құрметіне бөленген асыл жан, ауыл-аймағына ақылшы. Өнегелі ғұмырының әр белесінде жиған ізгі қасиеттері ұрпақтарының бойына тамырдай терең сіңіп, кейінгілерге өлшеусіз үлгі-өнеге болуда.
Асыл әжеге алдағы күндерде де ұл-қыз, немере-шөберелерінің қызық-қуанышына тоймай, Алла қаласа шөпшектерінің тәтті тілін есту нәсіп болсын деп тілейміз. Осы жүрек жарды лебізімізге қосымша, өзіңізге арнаған ақ ниетті жыр шумақтарын ұсынамыз:
Бойға жиып білімнің мұрағатын,
Табиғаттан талғамды сыр алатын.
Шәкірттердің сақталған санасында,
Қырық бес жыл ұстаздық ұлағатың.
Әйел-Ана – ырыс, құт, берекеміз,
Жыр жолдасақ сезімді селт етеміз.
Риясыз көңілмен бақ тіледік,
Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз!
Көктемнің шуағымен бірге келген әйелдер мерекесінде барлық аналар мен әжелерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, жарқын сәттер тілейміз. Ақ жаулықты әже, ардақты ана болған Мархамат әжеміздің ғибратты ғұмыры әлі талай ұрпаққа үлгі болсын! Сүйікті жанның жүзінен шаттық нұры арылмасын, әр атқан таң қуанышқа толы болып, берекесі еселене берсін!
“Шартарап-Шарайна”
газетінің ұжымы