Амангелді Молдағазыұлы Төлеев – Мемлекет қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инженерлік академияның академигі, Ресей Федерациясы Кемерово облысының экс-губернаторы – «Халық губернаторы».
1944 жылы 13 мамырда Түркімен ССР-нің Красноводск қаласында дүниеге келген. Руы Адай, Балықшы.
Әкесі – Молдағазы Қалдыбайұлы Төлеев (1914-1975), Шардара қаласындағы Мүлкі Ата қорымында жерленген, анасы – Насырова Мунира Файызқызы (1921-2001) Кемерово облысының Междуреченск қаласындағы мұсылмандар қорымында жерленген.
Еңбек жолын 1964 жылы Новокузнецкідегі Мұңдыбас станциясында теміржолшы болып бастады, 1967-1973 жылдары Мұңдыбас станциясының бастығы, 1973-1985 жылдары Междуреченск станциясының бастығы, Кемерово-Новокузнецк теміржол торабының бастығы. 1985-1988 жылдары Кемерово облысы партия комитетінде көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1988-1990 жылдары Кемерево темір жолының бастығы, 1990-1993 жылдары Ресей Федерациясы Жоғары Кеңесінің депутаты, Кемерово облысы халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1993-1996 жылдары заң шығарушы жиналыстың төрағасы. 1996-1997 ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі, 1997-2018 жылдары аралығында Кемерово облысының Губернаторы, 2018 жылдан қайтыс болғанға дейін Кузбасс өңірінің кәсіптік білімін дамыту институтының ректоры қызметін атқарды.
Үш рет 1991, 1996, 2000 жылдары Ресей Федерациясы Президентіне кандидат болып түскен.