Ұлы Отан соғысы – бүкіл адамзат тарихындағы алапат соғыс. Ұлы Отан соғысы ардагерлері – кешегі Отан қорғаушылар, еліміздің көркеюіне үлес қосып, ерен еңбегімен ұрпаққа өшпес із қалдырған жандар. Оқ пен оттың ортасында ерлікпен соғысқан азаматтар әрдайым ел жадында.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Ербол Жұманов және ардагерлер мен қала тұрғындары «Тұңғыш президент» саябағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып қойылған «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етіп, құрмет көрсетті.
Салтанатты шара бір минуттық үнсіздікпен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алумен басталды. Іс шара барысында аудан әкімі А.Қарсыбаев сөз алып, тарихи күннің маңыздылығына тоқталып өтті.
– Бұл тарихи мерекенің әрбіріміз үшін, қоғам мен мемлекет үшін де маңызы ерекше. Жыл сайын осынау ең қастерлі Жеңіс мерекесін тойлай отырып, біз сол сұрапыл соғыста қаза тауып, халқы үшін құрбан болған жауынгерлердің есімдерін ардақтап ұлықтаймыз, құрметпен еске аламыз. Ұрпақтарының санасында қан майданды бастан кешкен аға буынның ержүректілігі нағыз отансүйгіштіктің үлгісіндей болып қала береді. Сондықтан да соғыс ардагерлерінің рухына тағзым етіп, олардың ерліктерін жас ұрпаққа өнеге ету – біздің перзенттік парызымыз, - деді.
Аяжан ТӘЖІ