ШАРТАРАП ШАРАЙНА

"АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ" жобасымен жұмысқа қабылдандым

Әлеумет
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылатын «Алғашқы жұмыс орны» жо-басы жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылуда. Мансап орталығы оқу орнын аяқтаған жастарды 12 ай жұмыспен қамтып, жұмыстың 12 ай еңбекақысын субсидиялайды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастар бір жылдық тәжірибе мен біліктіліктерін арттырады.
Жобаға 35 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілі жоқ жұмыссыз жастар қатыса алады.
Бағдарлама демекші, бүгінде аталған бағдарламаның игілігін көріп, жұмыс жасап жатқан жастарымыз ауданымызда көптеп саналады. Солардың бірі – Батыкова Махаббат. Ол қазіргі таңда «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы арқылы жұмыс жасауда.
–Қазіргі таңда мемлекеттен жастарға деген қолдау артуда. Жұмыссыз жастар жұмыспен қамтылып, еңбектеніп жатқан жастар көп. Мен де аталған бағдарлама бойынша өтінім беріп, 2022 жылы Шардара қаласындағы «Қанағат» дүкеніне сатушы болып жұмысқа орналастым. Содан он екі ай жұмыс мерзімім аяқталған соң, басшылық тарап жұмысымды ұнатып, тұрақты жұмысқа қабылдады. Осы ретте жұмыс берушім Арынова Балзия Тұржігітқызына алғысымды айтамын. Сонымен қатар, бұл бағдарлама кез келген жасқа тәжірибе жинақтап, өзін шыңдауға арналған жақсы бағдарлама. Өз жұмысымды өте жақсы көремін. Әріптестеріме де «Келіңіздер, бағдарламаның игілігін көріңіздер» дегім келеді. Жас келсе – іске! Бұл сөз біздерге қарап айтылғандай-ақ! –дейді жас ана Махаббат Бақытжанқызы.
Махаббат Батыкова 1990 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Отбасымен 1993 жылы Шардараға көшіп келіп, осындағы М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектепті тәмамдап, 2009 жылы аудан-дық №16 колледжден «Оператор» мамандығын алып шыға-ды. Отбасылы. Екі тәтті қыздың анасы. Жолдасы Оразбек Кәрімбайұлы – өнер иесі.
Айта кетелік, биыл «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобасына өзгерістер жасалып, төленетін еңбекақысы көтерілді. Мұндай шаралар мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сайкес, жастар арасында жұмыс-сыздық денгейін төмендету үшін қабылданған.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі де 18 айға ұзарып, төленетін еңбекақысы 30 айлық көрсеткішке өсті.
Бота БОЛАТОВА
Made on
Tilda