ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран

Әлеумет
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі тыл еңбеккерлері, әскери қызметкерлер!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы Жеңіс мерекесі – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған біз үшін ең қастерлі де қымбат мереке.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран. Жеңіс күні мерекесі батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді айқындайтын айтулы күн.
Ұлы Отан соғысының отты жылдары ел қорғауға аттанған сарбаздар өшпес ерліктің, қаһармандықтың үлгісін көрсете білді. Қаншама жауынгерлер майдан даласында Отан үшін опат болды. Өзінің жанқиярлық еңбегімен Жеңіс күнін жақындатуда шардаралықтардың да қосқан үлесі орасан зор.
Өкінішке орай бүгінгі таңда біздің ауданда қатарымызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалмады. Дегенмен Отан қорғауға аттанған майдангерлердің ерлігін ешқашан естен шығармай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру – біздің асыл борышымыз. Ерлеріміздің ерлік істері ешқашан ұмытылмау керек.
Тыл еңбеккерлері майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтып, жеңісті жақындатуға бар күш-жігерін салды.
Қазіргі таңда ардагерлеріміз өске-лең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысуда.
Әскер – тәуелсіздігіміздің кепілі. Еліміз тәуелсіздікті жариялаумен қоса, оны қорғау қажеттігін де ұмытпады.
7 мамыр – егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, елдің қорғаныс шебінде тұрған азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы жоғары, себебі әрбір Қазақстандықтың ұлы да, құрметті міндеті – Отан қорғау.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сарбаздары ардагерлеріміздің даңқты жолын жоғары абыроймен жалғастырып келеді.
Қарулы Күштеріміздің барлық құрылымында қызмет ететін сарбаздар мен сардарлардың жауынгерлік рухы, отаншылдығы, әскери дайындығы және кәсіби машығы еліміздің қорғаныс қабілетінің жоғары болуын қам-тамасыз етуде.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

Made on
Tilda