Салтанатты шарада аудан әкімі Арман Қарсыбаев үй иелерін қуаныштарымен құттықтады.
– Мемлекет басшысының бастамасымен көптеген шаруалар қолға алынып, қаншама нысандар ашылуда. Биыл ауданымызда көптеген нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Біздің мақсат – аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту. Міне, бүгін қаламыздағы «Әсемай» мөлтек ауданындағы 64 пәтерлі тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілуде. Ауданда атқарылып жатқан барша жұмыстар мен игі бастамалар ауданымыздың тұрғындары үшін жасалып келеді. Осындай қуанышты сәтте пәтер иелеріне үйлеріңізде әрқашан да жылылық пен қуаныш болсын деген тілек білдіремін. Жаңа жылмен бірге келген жаңа қо-ныстарыңыз құтты болсын! – деген Арман Қарсыбаев тұрғындарға тұрғын үйлерлердің кілтін табыстады.
Баспаналы болған тұрғындар Жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатындарына қуанып, ризашылықтарын білдіріп, ел азаматтарына алғыстарын жеткізді.
Осы күні пәтерлі болған көп-балалы ана Жастаева Дильнара Елеуханқызының қуанышында шек жоқ. Өйткені бүгінге дейін баспана тауқыметін көріп келген көпбалалы ана, көп жылдар бойы пәтер жалдап тұрған.
– Бүгін, міне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа тұрғын-үй салып беру туралы бағдарламасын жүзеге асырып, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, аудан басшысы Арман Қарсыбаев Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаңа жер үйдің кілтін табыстап, бізге қуаныш сыйлап отыр. Осы күнге дейін пәтер жалдап келдім. Өзім жалғызбасты, көпбалалы анамын. Сондықтан Түркістан облысы-ның әкіміне, аудан әкіміне, үйдің құрылысын салуға атсалысқан барлық бөлім басшыларына алғысым шексіз!- деді Динара Елеуханқызы.
Жаңа жылда қоныс тойын тойлап отырған барлық баспаналы болған жандарды біз де шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын!
Аяжан ТӘЖІ